Дәрі ішпей бас жазуға бола ма?

Дәрі ішпей бас жазуға бола ма?

Бас көп себептің салдарынан ауруы мүмкін. Осы күні дәрісіз бас ауруын жазуға көбі тырыспайды да. Бірақ бұл бекер, дәрісіз бас жазудың да бірнеше тәсілі бар. Бәлкім, сіз де пайдаланып, дәріден біржола бас тартарсыз?

Суық компресс бас ауруын жеңілдетеді. Суық суда суланған матаны маңдайыңызға және самайыңызға қойыңыз. Әсерін арттыру үшін суға тұз салуға да болады (0,5 л суға 1 үлкен қасық тұз) немесе алма сірке суын қосыңыз (1 л суға 1 үлкен қасық сірке суы).

Шай ішіңіз. Қара немесе көк шайды демдеп, кішкене жалбыз қосып, ішіңіз. Қант қоссаңыз да болады. 10-15 минуттан кейін бас ауруы қояды.

Жалбыз эфир майы да бас ауруына ем болады. Жалбыз эфир майын пайдаланып самайды уқалаңыз. Әсерді арттыру үшін иық пен мойын тұсына да массаж жасаңыз. Бұл шаршағандық пен ауруды басады.

Бас ауруынан қарапайым су арқылы да арылуға болады. Бас ауруының басты себептерінің бірі – ағзадағы су тапшылығы. Әсіресе ыстық күндері және спортпен шұғылданғанда. Сондықтан бас ауруына ұрынбау үшін күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішкен жөн.

Сурет: bonappetit.com.ua, www.ja-zdorov.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina