Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жігітке "мешкей" деген жақсы ат емес...

Жігітке "мешкей" деген жақсы ат емес...

Жігітке

Семіздіктің ауыр дәрежесіне жеткен адамдарға нағыз қиындықтар жамала түседі. Ағзада майдың тым көп жиналуы қанда инсулиннің қанығу деңгейінің шамадан тыс қордалануына әкеледі Бұл ашығу сезімін одан сайын ушықтырып, денсаулыққа үлкен нұқсан келтіре бастайды.

Адамдардың қант диабетіне, гипертонияға, жүрек аураларына, омыртқа, буын және аяқ қан тамырының ауруларынан азап шегуіне көбінесе семіздік себепші. Ер адамдардың семіруінде дұрыс тамақтанбау, май мен көмірсуға бай ауыр тағамдарға, сыраға әуестік, негізгі рөл атқарады. Еркектердің осы сусынды шамадан тыс көп ішуі майдың бауыр жасушаларында және құрсақ қуысында өте көп мөлшерде жиналуына әкеп соқтырады. Осының салдарынан мес қарын пайда болады.

Екінші бір себеп – аз қозғалу. Әсіресе ауырлай бастаған адам бұдан бұрын бокспен, штанга көтерумен, күреспен белсенді түрде айналысқан болса, оған жұмсаған қуатын бұрын тамақтану есебінен толықтырып отырған. Семіруге бейім ер адамдар үшін мұндай тепе-теңдіктің бұзылуы қауіпті. Кешегі атлеттің біртіндеп ентіккен мешкейге айналуы әбден мүмкін. Егер осы  қоса қабаттасқан семіру проблемаларына эндокоринді жүйе (бүйрекүсті безі, гипофиз, қалқанша без) қосылса, жағдай одан әрі күрделене бермек.

Мамандар бұл жағдайдың алдын алу үшін мынадай кеңестер ұсынады:

  • Өзіңізді тезірек қолға алыңыз! Ең сенімдісі – астың қуаттылығын тазартылған майларды (сарымай, қаймақ, майонез) және көмірсуы бар тағамдарды (шоколад, қант, кәмпит, тәтті сусындар) жеуді азайту.
  • Тамақтану тәртібін өзгерту, яғни күндізгі тамақтануды төрт-беске бөлу, ал негізгі тамақты таңертең жеу. Соңғы тамақтануға ұйқыдан төрт сағат бұрын отырыңыз.
  • Ас қабылдау кезінде бөгде ештеңемен айналыспаңыз, яғни теледидарға қарамаңыз, әйтпесе қанша жегеніңізді байқай алмай қаласыз.
  • Көбірек қозғалыңыз. Басқышпен көтеріліңіз және көбірек жаяу жүріңіз. Бұл да спорт.
  • Күйзелістен аулақ болыңыз. Егер бірдеңеге қобалжи бастасаңыз, тоңазытқыштан аулақ жүріңіз.

сурет: yvision.kz

2128 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 сәуір 2012, 12:51
Пікірлер
+0
24 сәуір 2012, 13:29

ия, семіздік те ауру деседі... :roll: :roll:

+0
24 сәуір 2012, 15:44

семіз болсаң төсекте нашар боласың дейді ғо жұрттар :lol:

+0
24 сәуір 2012, 17:59

Мына суреттегі жігіттің қарын дейтіндей қарны да жоқ қой :lol:

+0
25 сәуір 2012, 10:51

Менкі де тура осындай қарын.. Жаз шықса қозғалыс көбейеді. Жұмыс істеймін, артық жиналған қоңнан арылам деп дәметіп отырмын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...