Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Саусақ және денсаулық

Саусақ және денсаулық

Саусақ және денсаулық

Адамның қолына қарап бойындағы түрлі ауруларды анықтау:

Бас бармақ

Бас бармақ пен сұқ саусағымызды біріктірсек, алақан ішінде сызықтар пайда болады. Олар өмірге деген құштарлықтың көрінісі. Ал өкпенің тазалығын сызықтардың неғұрлым айқын болуымен байланыстыруға болады.

Бас бармақты шалқайту қиынға соқса, ерік жігердің өте мықты болғаны.

Тамырлар

Алақанның сыртындағы көгілдір түсті тамылар қан құрамында көмір қышқыл газының көптігін көрсетеді. Дәрігерлер бұндайда таза ауада көбірек жүруге кеңес береді.

Жұдырықты түйген кезде, кейбір саусақтардың алға қарай ұмтылуы - толықтай жеке тұлға болып қалыптасқан, эгоцентризмге бейім, өзіндік таңдауы бар жандар.

Қолдардың икемділігі дене қозғалысының икемділігімен байланысты.

Ұзын, жіңішке, ісінген тырнақтар - бүйрек ауруы. Ең бірінші шынашақ саусақтан басталады.

Ұзын әрі семіз саусақтар - көңіл-күйі көтеріңкі, энергияға толы адамдарға тиесілі.

Үсті қарайған, тез сынғыш тырнақтар - инфекциялық ауру.

Әйнек секілді ісінген тырнақтар - жүрек, ішек, өкпе және без аурулары.

Іштей иілген саусақтар - тұрақсыздықты, өмірге күдікпен қарау, есептескіштік.

Сыртқа иілген саусақтар қоршаған ортасына жылдам икемделіп, мықты күш-жігерге ие жандарға тиесілі.

Конус тәрізді саусақтар - жүрекке жылдам қабылдау, тұйық, шешім қабылдауда жасықтық.

Қысқа әрі семіз саусақтар - өзімшіл, сезімтал әрі тез ашуланшақтық.

Алақан

Медицина ғылымы саусақтар мен алақандардың көмегімен адамның денсаулығы туралы көптеген мәліметтер алуға болатындығын анықтап отыр. Әдетте денсаулығы жақсы, жастайынан бимен айналысқан жандардың алақан саусақтары иілгіш келеді. Олар кем дегенде сыртқа қарай иіле білуі керек. Ал алақанның ішкі бөлігіне жиырылған тері склероз ауруының бар екендігін көрсетеді.

Күрек тәріздес саусақтар қолдың төменгі бөлігімен бірдей болып келеді. Энергияға толы, ақылды, батыл, шешім қабылдағыш, өзгергіш. Бұндай адамдар көп жағдайда өздерін ұстай алмайды.

Сынғыш тырнақтар - ағзада минералды заттардың жетіспейтіндігі.

Тырнақтағы майда айлар

Қан айналым жүйесі мен өмірге деген құштарлықты тырнақтың төменгі бөлігінде көрініп тұратын айлар арқылы анықтауға болады. Ал олардың үлкендігі жүректің соғу жиілігімен байланысты. Айшықтар тырнақтың басқа бөліктерінен бөлек тұрса, бұл адам диабет ауруына шалдыққан.

Олар мүлдем көрінбесе, бүйрек ауруы немесе жасанды бүйректің болуы.

Тырнақ бетіндегі шұңқырлар – псориаз ауруы.

Тырнақта дөңгелек тәрізді шұңқырлардың болуы - буын ревматизмі.

Бүйрек пен өкпе ауруларын атыжоқ саусақтың тырнағы арқылы анықтауға болады. Ішек аурулары ортаңғы саусақтың тырнағымен байланысты. Сұқ саусақтың тырнақтары бас ауруын анықтайды.

Саусақ бөліктерінің ұзындығы

Дұрыс бөліктер: бірінші бөлік – 2,5 сантиметр, екінші бөлік – 3,5 сантиметр, үшінші бөлік – 4,5 сантиметр болуы тиіс. Олардың біріншісі – ментальды күш, екіншісі – астральды күш, үшінші бөлігі – физиологиялық күш. Егер саусақ бөліктерінің ұзындығы кем болса, кейбір күштердің жетіспейтіндігін білдіреді. Бірінші бөлік бас, ми бөліктерімен байланысты, біріншісі мен екіншісі бірігіп омыртқамен байланысты.

Буындары айқын білінетін, жоғарғы бөлігі дөңгеленген саусақтар және әдетте бас бармақ семіз болады. Бұндай адамдар ғылыммен, техникамен айналысады. Яғни, қарым-қатынасқа жылдам түсе бермейтін мықты тұлғалар.

Тырнақтардағы ақ нүктелер

Олардың үнемі көрініс табуы - бүйрек, бауыр, лимфатикалық жүйе аурулары немесе күшәнмен улану.

Білектің ішкі бөлігіндегі әжімдер

Дәл осындай үш әжімі бар адамдар ұзақ өмір сүреді, тіпті, жүз жасауы мүмкін.

Құрғақ тері

Бұл горманальды қиындықтар мен дұрыс тамақтанбаумен байланысты.

Температура

Суық қолдар – горманальды қиындықтар мен қан айналым жүйесінің бұзылуы. Ыстық қолдар – ағзада минералдардың жетіспеуі. Терінің жыбырлауы – жүйке жүйесінің сыр бере бастауы.

Бір-біріне жақын орналасқан саусақтар - сезімтал, қиялы ұшқыр, эмоцияға толы тұлға.

Әңгіме барысында саусақтарын алақанына жасырып сөйлейтін адамдар - ұялшақ немесе ауруын жасыратын жандар.

Саусағы ісініп жүретін адамдар – тыныс алу жолдары дұрыс емес жандар.

Терінің түсі

Қызғылт түсті – жүйкесі шаршаған, холерик. Терінің тым ақ болуы – қаны аз. Тамырлардың ісіңкі болуы – ішімдік ішетін, бүйрегі ауыратын адамдар.

Бас бармағын басқа саусақтарынан бөлек ұстайтын адамдар – кемелділікке ұмтылатын, ешкімге ұқсағысы келмейін жандар. Саусағы кішкентай адамдар – өте сабырлы жандар.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

13315 1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 қаңтар 2014, 16:20
Пікірлер
+0
13 қаңтар 2014, 13:59

Тамырлардың ісіңкі болуы – ішімдік ішетін, бүйрегі ауыратын адамдар. мынаны расмыен көп байқадым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...