"Кока-коламен ауыратын" жан ем таба алмай дал

"Кока-коламен ауыратын" жан ем таба алмай дал

Көпшілігіміз кока-коланы дәмі мен хош иісіне бола сүйіп ішетініміз рас. Ал кейбір адамдар оны тұрақты түрде тұтынып, нәтижесінде осы сусынға тәуелді болып қалып жатады. Солардың бірі Д. Джонс атты Англияның тұрғыны.  

Ол күніне 1-ден 3 литрге дейін кола сусынын ішпесе көңілі жәй болмайтын көрінеді. Ал дәрігерлер болса осыдан бірнеше жыл бұрын бұл жігіттің аталған сусыннан физикалық және психологиялық жағынан да тәуелді екендігін анықтап, диагноз қойған. Джонс бір айда ішетін кока-кола сусыны үшін 400 долларға шығындалады.  

Алғаш рет ол сусынды жасөспірім кезінде ішіп көріп, кейін оның мөлшерін күн санап көбейте берген. Енді ол үш литрлі бөтелкені тауыса салысымен, оған бірден «тағы да бір бөтелке ішсем» деген ой келе береді екен. Көп жылдар бойы сусынды тұрақты түрде және көп мөлшерде қолдану Джонстың артық салмақ жинауымен және қант диабетіне шалдығуымен аяқталды. Ол бұрын жүргізуші болып жұмыс жасаған екен. Алайда компания оған бойындағы анықталған ауруына байланысты көлік жүргізуге тыйым салып, нәтижесінде ол жұмысынан да айырылған.

Ал дәрігерлер болса оны баяғыда-ақ жеке бақылауларына алғанымен, пациентке қалай ем-дом жасау керектігін білмей әлек болып отыр. Себебі медицина мен наркологияда әлі күнгей дейін «кока-коламен ауыратын» адамдарды емдеу амалдары ойлап табылмаған.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: mif-facts.com.ua

Б. Қосмағамбет