Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жадыңызда болсын

Жадыңызда болсын

Жадыңызда болсын

Ауру - адамның бағытынан ауып бара жатқанын білдіретін белгі. Ауру әр түрлі функцияларды атқарады. Біріншісі - ескерту, екіншісі - адамның дұрыс дамуына мүмкіндік бермейтін істі тоқтату, үшіншісі - теріс хабарламаны таратуға жағдай жасайтын тетікті жою. 

"Дөрекіге шаттық тән, нәзік жанға қайғы үйір" - дейді Есенин. Адамды ауру ететін үш бастау бар...

* * *

1. Тән кеселі. Ол - ауыртпалықтың артып кетуінен, температуралық режимнің бұзылуынан, дұрыс тамақтанбаудан, жұмыс пен демалыстың орынды алмасып тұрмауынан болады;

2. Жан кеселі. Ол - сезімталдықтан, өкпешілдіктен және де көз тию, қарғыс секілді сыртқы әсерден болады. 

3. Рух кеселі. Ол - адамның бойында теріс пиғылдың көбеюінен болады. 

Осы үшеуін де болдырмауға тырысу керек.

Өмір бақи біз екі қатерлі күштің қарамағында боламыз: біреуі өлім, екіншісі - адамдардың пікірі. Зерттеушілер адамның дені сау жүруінің үш негізін белгілейді:

1) таза ауамен тыныс алу мен спорттық жаттығулар;

2) экологиялық таза тамақ.

3) Тұрақты түрде медициналық тексерістен өтіп тұру. 

Уайымшыл, еңсесі езілген адамның энергетикасы аз. 

* * *

Егер адам көбірек сынап-мінесе, нашар ойласа басы ауырады, егер біреуді ренжітсе немесе біреуден ренжу көрсе - жүрегі; туыстарына, өзіне, жағдайға жиі ренжісе - асқазаны ауырады. Төңірекке наразылық, өзінің өміріне өкіну, жағдайды ұдайы қабылдамау өте терең реніш туғызады да, ол өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді.

Адамның басы немесе басына біткен бір мүшесі ауырса, ол - жек көруден, қызғаныштан, күншілдіктен, кеуде тұсы ауырса - өкпелеуден, одан төменгі жағы ауырса, өзінің немесе өзгенің махаббатын тұншықтырғаннан. 

Юлий Цезарь кеселдер мен бас ауруына мынадай емдер қолданған: қиын жорықтар, қарапайым өмір сүру тәсілі, таза ауада ұдайы жүру, еңбекке бас қою. Осының бәрі ағзаның әлісеруіне мүмкіндік бермейді.

* * *

Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. "Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді сыбан" деген. 

Автор: Әкежан Дәкен

сурет: fb.ru 

10575 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 21 мамыр 2014, 11:09
Пікірлер
+0
21 мамыр 2014, 11:37

Өмір бақи біз екі қатерлі күштің қарамағында боламыз: біреуі өлім, екіншісі - адамдардың пікірі. :mrgreen:

+0
22 мамыр 2014, 00:18

Жақсы кеңестер екен. :mrgreen:

+0
22 мамыр 2014, 20:46

Өмір бақи біз екі қатерлі күштің қарамағында боламыз: біреуі өлім, екіншісі - адамдардың пікірі
оте дурысс :)

+0
28 мамыр 2014, 17:19

жаны (рухы) сау адамның тәні сау екендігіне баршаның көзі жетіп келе жатыр баяулап болса да.

+0
28 мамыр 2014, 17:27

Иә, тіпті адамның түрі мінезге байланысты. Қанша әдемі болса да, рухы төмен немесе әлсіз болса түрі де нашар болады.

+0
28 мамыр 2014, 17:25

Жақсы жазба екен, соңғы сөйлеміңіз ерекше

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...