Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ұйықтар алдында мыналарды ескеріңіз

Ұйықтар алдында мыналарды ескеріңіз

Ұйықтар алдында мыналарды ескеріңіз

Шала ұйқы денсаулыққа кері әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге жұмыс өнімділігіне кері ықпалын тигізеді...

Ұйқы шалалығын сезінген адам әдетте мазаланғыш, ашуы алқымында тұратын және шешімді дұрыс бағытта қабылдай алмайтын жанға айналады. Сонымен қоса, адамның жұмыс өнімділігіне де бір әсерін тигізері анық: ұсақ-түйек нәрселерді ұмытып қалу және стресске қарсы тұра алмаушылық. Жайшылықта шала ұйқымен жүрген адамдар артық салмақ жинап, тұмау түріне шалдығып, жүрегі ауырып, диабетке ұшырап жатады. 

Ұйқы зерттеу орталығы 5 қарапайым әдісті ұсынуда:

Ұйықтар алдында әдетке айналсын

Белгілі бір әдеттену ағзаны ұйқыға тез бейімдеуге көмектеседі. Күнде ұйықтар алдында ыстық ванна қабылдаңыз, не болмаса сүйікті кітаптарыңыздың бірін оқыңыз, не болмаса теледидар шолыңыз. 

Жатын бөлмеңізді жатар алдында салқындатып алыңыз: тез ұйықтап кетіп, ерте демалып тұруыңыз үшін. Осы тұста бір назарға алатыны, бөлме ішін қараңғылап қойыңыз. 

Телефонды оятқыш орнына қолданбау

Технологиялық қарыштаудың ілгерінді ықпалын ешкім де жоққа шығара алмайды, дегенмен телефоныңыз жаныңызда жатқанда, сіз оның қасында ерте ұйықтап кетуіңіз неғайбыл. Сеніңіз, сіз де сөйтетін шығарсыз: әлеуметтік желілердегі қыз-жігіттердің суреттерін көруге, әлем қызықтарын қарауға және жаңа хабарламаларды көруге, одан қалса бұрын келген сүйікті хабарламаларды оқып отыруға қолыңыз ұмтылар. 

Есіңізде сақтаңыз, жатын бөлме тек ұйқы мен махаббатқа ғана арналған кеңістік. Сосын, оятқыш жоқтығын сылтауға жатқызуға болмайды (телефонды қолдану үшін). Бізге сенсеңіз, оятқыштың ең арзан түрі де ұйқыдан тұрғызуға жетіп жатыр. 

Терең тыныс алу

Төсеке құлай кеткен болсаңыз немесе сұлай кеткен болсаңыз, ауыр күннің соңында бұл әлі демалыс емес. Зерттеулердің көпшілігі дәлелдегендей, жатар алдында терең тыныс алып жаттығудан денеңіз босап, маужырауға шақ қаласыз. 

Адам терең тыныс алғанда жүрек соғысының жиілігі, қан қысымының көтерілуі, дегбірсіздену секілдік сырқат салдары өздігінен жойылып кетеді. 

Терең тыныс алудың дұрыс түрі:

Кристалды таза ауаны жұта отырып, оның өңірден өтіп, бүкіл денемен ауа жайылып бара жатқанын елестетіп көріңіз. Дем шығарарда бүкіл ауыртпашылық пен теріс ойларды ойлай отырып, бірге шығарып жіберуге тырысыңыз. Ойларыңыз сізге жеңілейіп салуыңызға жол ашады. 

Аяқ саусақтарынан бастап

Бұлшық еттерді баяу босату кезінде күндік ауыртпашылықтар мен стресс, негатив атаулыдан арылуға болады екен. Аяқ саусағынан мойын бұлшық етіне дейінгі аралықта буын босатуыңызды сұранамыз. 

Ұйықтар алдында санамақ

Ұйықтар алдында санамалап әдеттеніңіз. Біз сізге санамалаудың тиімді бір әдісін ұсынамыз: 100 санын жоғарыдан төменге санап, үшке еселенген сандарды ғана келтіріп көріңіз. Бұл тәсіл әдеттегі санамалаудан қиындау, нәтижесінде миыңыз бір нәрсеге бағытталып, басыңызда ойлар мазаламайтын болады. Ақырында, санамалап жатып маужырай бастайсыз, сосын терең ұйқыға кетпексіз.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: plus.google.com 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2013, 17:04
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2013, 17:11

Мен ұйықтар алдында ештеңені қажетсінбейм, басым жастыққа тимей жатып ұйықтап кете берем))

+0
12 желтоқсан 2013, 17:15

хехе тура мен сияқты екенсің ғой, ұйықтасам таңертең бірақ оянамын :idea:

+0
12 желтоқсан 2013, 18:24

гитарада әдемі, нәзік әуендерді ойнағанда жүйкем тынышталып, бір жақсы күйге бөленіп барып ұйықтағанды ұнатам.

+0
12 желтоқсан 2013, 19:22

Гитара тарта алсақ жақсы ғо.Тарта алмасақ несі жақсы :D

+0
12 желтоқсан 2013, 19:21

Телефон қашанда оятқышқой ;)

+0
12 желтоқсан 2013, 23:16

массаж жасатып уйктаган кушти :cry:

+0
13 желтоқсан 2013, 00:29

мен кобинесе музыка тындаймын :?

+0
13 желтоқсан 2013, 12:02

мен жай жатып көзімді жұмсам болды ұйықтап қалам )))

+0
14 желтоқсан 2013, 15:47

Менің ұйықтауым қиын... Ұзақ уақыт ойда жатамын... Әзер ұйықтаймын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.