Артық салмақ ақылдың көрсеткіші ме?

Артық салмақ ақылдың көрсеткіші ме?

Ғалымдар түрлі зерттеулер жүргізіп, алған нәтижелермен бізді таңғалдырудан қалмайды. Осы жолы олар нәзік жанды арулардың салмағы мен олардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің арасында тікелей байланыс іздеді.

Кең ауқымды зерттеуге дене бітімдері түрлі 16 мың әйел қатысты. Ұзақ уақыт бойына бақылауға алынған аруларға математикалық есептер, зейін тексеретін тестілер ұсынылды. Әйелдердің салмағын өлшеп, дене бітімінің мөлшерін жазып отырды.

Білім мен зейінді тексеретін тестілер мен арулардың салмақтарын салыстырып, ғалымдар мынандай байланысты аңғарды. Артық салмағы бар әйелдер интеллектуалды мүмкіндіктер жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. "Томпақ" арулар тапқырлық пен логика жағынан мықты болды.

Ғалымдар бұл зерттеуде еш кездейсоқтық пен статистикалық қате жоқ екендігіне сенімді. Олар мәселенің себебі артық салмаққа шалдыққан арулардың ағзасындағы органикалық қышқылдардың көп болуымен түсіндірді. Мамандардың айтуынша, бұл қосылыстар тікелей адамның интеллектуалды мүмкіндіктеріне байланысты.

Ал сіз салмақ пен ақылдың арасында байланыс бар екендігіне сенесіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: news92fm.com

С. А