Көз ауруының формуласы табылды

Көз ауруының формуласы табылды

Дәрігерлер компьютер алдында көп отыратын адамдардың көз ауруы формуласын тапты. Бұл формула “20-20-20-20” деп аталады.

Техас университеті мамандарының айтуы бойынша, әр бір 20 минут сайын үзіліс жасау қажет. Монитордан жанарыңды тайдырып, келесі басқа нәрсеге 20 секунд үзбей қарау керек. Экраннан өзіңізді 20 фут (шамамен 6 метр) қашықтықта ұстаңыз. Жаттығуды кеміне 20 мәрте қайталаңыз. Бұл жаттығудың өз жемісін береріне кепілдік береміз.

Бұл жаттығуды кеңседе қызмет ететіндер міндетті түрде жасауға тиіс. Көздің зақымдануы болашағыңыз үшін қауіпті. Сіздердің назарларыңызға жұмыс уақытында көзге салмақ түскен жағдайда жасар жаттығуларды ұсынамыз:

  1. Көзіңізді оңға-солға, жоғары-төмен қозғалтыңыз. 5 мәрте қайталаңыз.
  2. Сағат тілі бойынша асықпай айналдырыңыз. 5 мәрте қайталаңыз.
  3. Екі көзіңізбен 10 секундтай мұрын ұшына қараңыз.
  4. Терезе сыртынан қандай да бір нысана көздеп алыңыз. 20 см қашықтықта саусағыңызды дәлдеп нұсқап тұрыңыз. Нұсқалған саусағыңызға бір қарап, көзделген нысанаға бір қарап бірнеше рет қайталаңыз.

Әр жаттығу сайын көзіңізді демалдырып отырыңыз. Егер сіз көзілдірік немес линза тағатын болсаңыз, бұл жаттығулар кезінде ала тұрыңыз.

Жанарыңыздың нұры таймау үшін сақтанып жүріңіз. Жұмыс бастылыққа салынып өміріңізді бүлдіріп алуыңыз ықтимал. Зағип жандарға қарап шүкіршілік етіңіз. Сізге бұл жанар ертең де керек болады...

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет:lekar-n.com 

Ш. Талап