Лимон жеген балақайлар

Лимон жеген балақайлар

Лимон - жер бетіндегі халықтардың барлығына бірдей таныс жеміс түрі. Оның емдік қасиетін де көпшілік біледі. Оны тұмауратқанда ыстық шәйге қосып ішеміз. Емдік қасиетімен қатар, тіл үйіретін дәмі бар. Біз сіздерді оның пайдалы қасиеттерімен толығырақ таныстырайық:

Лимондар елімізге сонау Үндістан шаһарынан келген. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы Кавказ елінде өсіріледі. Әсіресе, Қара теңіз жағалауына көбірек егіледі. Оны үй ішінде де өсіруге болады.

Лимон ағашы 40 жылға дейін өседі. Әрбір ағаш көктемде гүлдеп, жаз мезгілінде піседі.

Оның құрамында ағзамызға жағымды әсерін тигізетін лимон қышқылы бар. Бұдан өзге алма қышқылы да кездеседі. Гесцерин атты табиғи бояуының арқасында лимонның түсі сары түске боялады. Мұнымен қатар, флавоноид, фитонцид, гликозид секілді майлары бар.

Оның құрамын қысқаша былай көрсетуге болады: С, В, Р, А, Е дәрумендері, бета-каротин, қант, органикалық қышқылдар, көмірсутек, ақуыз және майлар. Хлор, калий, натрий, фосфор, магний, молибден, темір, марганец, бор, цинк, бал, фтор элементтері де бар.

Лимондардың құрамында калория өте аз. Ол барлығына қышқыл дәм болып сезіледі. Шындығында олардың дәмі мүлдем өзгеше. Базарларда толықтай пісіп жетілмеген түрлері сатылады. Оларды көбірек сақтау үшін піспей тұрып жинап алады.

Шала піскен лимондар қышқылдығына қарамастан, емдік қасиетімен ерекшеленеді. Піскен лимонның дәмі тәтті болады. Бұған үйде өсіру арқылы көз жеткізуіңізге болады.

Канадалық фотографтар Эйприл Макиборка (April Maciborka) мен Дэвид Уайл (David Wile) студияларына кішкене балаларды жинап, олардың лимон жеп тұрған сәтін түсірген. Бұл фото жоба "Pucker" деп аталды. Аудармасында «Қышқыл мина» мағынасын білдіреді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ukrinform.ua

Қ. Бүйенбай