Жалқаулық ауру ма?

Жалқаулық ауру ма?

Қараша – суық, сұр кезең. Бұл кезде сабаққа да, жұмысқа да зауқың болмайды. Артық ештеңе істегің келмей, үйде жылы көрпенің астында жатуды ғана армандаймыз. Күн сәулесінің аздығы, дәрумендердің жетіспеушілігі, шаршағандық, көңілсіздік... Еріншектіктің шын себебі неде?

Жалқаулық деген жаман ба? Біреулер жалқаулықты шаруаларын жасаудағы кедергі деп біліп, өмір бойы онымен күресіп жүрсе, басқалар арасында бір күнді жалқаулыққа бөліп, жылы төсекте жатып, демалуды жөн көреді.

Нағыз жалқау адамның өмірлік ережелері қандай болады?

  • Егер қажет болған зат сізден 2 метр немесе одан да көп қашықтықта орналасса, ол зат сізге мүлдем қажет емес.
  • Еденге құлап қалған зат, тамақ бөліктері, киімді жиһаздың астына итере сал.
  • Бірнеше күн (немесе апта) жиналмаған бөлмеңізге кіріп келгенде "Туй, мына жерді жинау керек" деңіз де ол жерден дереу шығып кетіңіз. Үйде әлі де салыстырмалы жиналған жерлер баршылық болар.
  • Үйге қонақтар келмейтін күндері таңмен төсекті жинаудың қажеті қанша? Кешке бәрібір келіп ұйықтайсыз ғой.
  • Теледидар алдындағы диванға жайғасудың алдында біраз еңбектеніп, теледидар пультын тауып алыңыз. Өз уақытыңыз бен күшіңізді осылайша үнемдейсіз.

Осы тұжырымдардың көбісімен келіскен болсаңыз, сіз маусымдық не аяқ асты еріншектіктің құрбаны болғанын біліңіз. 

Жалқаулық жайлы деректер:

  • Жалқаулық маусымға байланысты. Мысалы өтпелі көктем, күз кездері жалқаулықтың етек жаятын кезі. Бұған күн сәулесінің жоқтығы, авитаминоз кінәлі.
  • Жалпы маусымдық не аяқ асты жалқаулыққа адамдардың 100 пайызы шалдығады. Бұл жасқа, қоғамдық және экономикалық жағдайға да байланысты емес.
  • Әйелдер ерлерге қарағанда 4 есе жалқау. Бұндай шешімге ғалымдар жүргізген зерттеулер нәтижесінде келіп отыр. Жалқаулықпен күресу үшін ғалымдар нәзік жандыларға арнайы диета ұстануға кеңес береді. Бұл диета нәтижесінде адам ағзасында еріншектікпен күресетін мелатонин гормоны бөлінеді.
  • Ал Аустралия ғалымдары жалқаулықты ауру деп санайды. Бұл ауру уәждеменің жоқтығына байланысты болып, әлемдегі адамзаттың әр бесінші өкілі осы ауруға шалдығады деп санайды.

Ал сіз жалқаулықпен күресесіз бе? Немесе еріншектікке кейде ерік беретініңіз бар ма?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: 1ms.net

С. А