Жаңа ғасыр аурулары: ұялы телефон

Жаңа ғасыр аурулары: ұялы телефон

Үлкен қалалардағы қарбалас өмір, техниканың дамуы, телевидение, интернет, гаджеттер заманауи адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып қойды. Мұның бәрі денсаулығымызға әсер етпей қоймайды. Жаңа заман бізге қандай аурулар әкелді? Бүгін телефонның тигізетін зардабын әңгіме қылайық.

Әрине, бұл жаңашылдықтардың барлығы: интернет, ұялы телефон, гаджеттер ақпарат алмасу мен басқалармен тілдесуде қолданатын басты құралдар. Олардың өмір, жұмыс, бизнес салаларының қай-қайсында да пайдасы зор екені түсінікті. Алайда бұл дүниелердің зияны да жоқ емес, олар кейбір қызықты, ерекше аурулардың бастамасы бола алады. Бұл аурулардың кейбір белгілерін қазір де өзіңізден байқай аласыз.

Фантом қоңырауын күту

Қазірде күнделікті қол астымызда ұстап, еш тастамайтын заттардың бірі – ұялы телефон. Біз біреуге қажет болғанымызды қалап тұрамыз, біреуден қоңырау, хабарлама күтеміз. Кейбір адамдар телефондары тыныш жатқанның өзінде, қоңырау дауысын естіп жатады. Бұл осы аурудың алғаш белгілері.

No mobile fobia немесе номофобия

Белгілі бір себептер үшін телефонсыз қалған адамдар нағыз стресс, қорқыныш сезеді. Телефонды үйде ұмытып қалу, қуаты отыруы бізді уайымға салып, тезірек байланысқа қайта шыға алатын жағдай іздейміз. Нәтижесінде бірнеше телефон ұстап, бірнеше симкалы гаджеттер аламыз, қосымша батарея ұстап жүру де соңғы кезде жиілей бастады. Заманауи телефонды тез қуаттайтын сымсыз аккумуляторлар, көлікке қосылатын қуаттандырғыштар да осы ауруды жеңілдету үшін ойлап табылған.

Эмоция тапшылығы

Қазірде көптеген сұрақтарды шешу барысында біз көзбе-көз әңгіменің орнына қоңырау не хабарлама арқылы тілдесуді таңдаймыз. Қарым-қатынас жасанды болған сайын, біздің ағзамыз нағыз, шын эмоцияларды талап етеді. Оны өмірде ала алмаған адам виртуалды әлемге одан бетер беріледі. Қазірде эмоционалды әлсіз, сезгіш жандардың көбейіп кеткендігі осы аурудың белгісі. Жас балалардың эмоционалды тұрақсыздығы да осы ауру салдары.

Киберауру 

Ұялы телефондар пайда болған кезде-ақ дәрігерлер телефондар шығаратын сәулелер уақыт өте адам ағзасына үлкен зардап тигізе алатындығын айтқан. Қазірде гаджеттер, смартфон мен планшеттердің көбейуі олардың ағзаға тигізетін зардабын көбейтті. Бастың айналуы, құсқыңыз келу, шаршағандық, әлсіздік қазіргі адам үшін қауіпті көрінбейді. Алайда мұның бәрі өмір сапасын түсіріп, нәтижесінде психологиялық қиындықтарға әкеле алады.

Ал сіз телефоныңыздан зардап шегемін деп ойлайсыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: meta.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?