Ер адам білуі тиіс 3 сан

Ер адам білуі тиіс 3 сан

1. Ер адамның белі 94 см-ден аспауы тиіс.

Қарны шыққан еркектің ішкі органдарын май басады. Бұл жүрек аурулары қаупін ұлғайтып, ерлердің басты гормоны тестостеронның түзелуін тежейді.  

Не істеу керек?

  • Дұрыс тамақтануыңызды қадағалаңыз.
  • Спортпен шұғылданыңыз.

 2. Өзіндік простат антигені (ПСА) 4 нг/мл-дан аспауы тиіс.

ПСА-ны еркектік без жасушалары түзейді. Оның басты қызметі – шәуетті сұйылтып, жатырдағы шырышты еріту, соның арқасында аталық ұрық терең ене алады.

ПСА деңгейі еркектік без қатерлі ісігінен көтерілуі мүмкін.

Не істеу керек?

  • ПСА деңгейін тексертіп тұру.

3. Тестостерон деңгейі 33 н/моль-дан түспеуі керек.

Тестостерон негізгі қызметтері:

  • Аталық ұрық синтезі.
  • Сүйек және бұлшықет тарамдарын синтездеу.
  • Қосымша жыныстық белгілер.

Тестостерон деңгейінің төмендеу себептері:

  • Семіздік (вицералдық май тестостерон құрылуын тежейтін лептин гормонын түзейді).
  • Гипофиз ісігі (аталық ұрық безіндегі тестостерон  синтезін бақылайтын мидың бөлігі).

Не істеу керек?

  • Арықтау.
  • Дәрігерге қаралып, гипофиз ісігінің бар-жоғын тексерту.
  • Дәрігер жазған гормондарды қабылдау.

Бұл сандардың нормаға сай болуы өміріңізді айтарлықтай жеңілдетеді.

Сурет: medicina03.net