Қайызғақтан арылуға көмектесетін қолжетімді сусабындар

Қайызғақтан арылуға көмектесетін қолжетімді сусабындар

Өкінішке орай бас терісіндегі қайызғақ көп адамдарда кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жер шарындағы әрбір үшінші адамды осы мәселе мазалайды. Одан арылу үшін, ең алдымен себебін анықтауға тиіссіз. Себебін дұрыс анықтамаған жағдайда ол қайтадан пайда болуы мүмкін.  

Әдетте шашқа дұрыс күтім көрсетпей, суық сумен жуынғанда, В дәрумені мен ылғал жетіспеген жағдайда пайда болады. Мұнан өзге себептері дұрыс тамақтанбау, ұйқысыздық пен күйзеліс болуы мүмкін. Себебін анықтау барысында ең алдымен трихолог маманға жолыққаныңыз жөн. Ол пайда болу себебін дәл анықтап, қажет дәрі-дәрмектерді береді. Ондай мамандарға жолығуды қалтамыз көтере бермейтіндіктен, арзан құралдарға әуеспіз.

Назарларыңызға қайызғақтан арылуға көмектесетін әрі бағасы қолжетімді құралдардың тізімін ұсынамыз.

Низорал сусабыны

Низорал сусабынын қолдануға арнайы мамандар да кеңес береді. Жоғары әсерінің арқасында бас терісінде ұзақ уақыт сақталып, сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды. Мұнымен қатар, оның бұл әсері өзге сусабындарды қолданған күнде де ұзақ уақыт бойы сақталады.  

Сульсена 2% пастасы

Бұл құралда дисульфид селені мен табиғи кешендер жинақталған. Бас терісін артық мөлшерде майланудан сақтап, қышу секілді әсерлерге төтеп береді. Шаштың түбін қатайтып, өсу жылдамдығын тездетеді.

Ошаған майы

Ошаған майы теріге ғана емес, шаштарға да пайдалы. Оны үнемі пайдалана отырып шаштың құрғауы мен түсуінің алдын алуға болады.

Instant Clear от L’Oreal Professionnel сусабыны

Бұл сусабынның құрамына кіретін мырыш пиритоны, альфа-бисаболол, протеин, түрлі дәрумендер кешені бас терісін қалпына келтіруге көмектеседі.

Dercos от Vichy сусабыны

Бұл сусабын жапалақтап жауған қарға ұқсас көлемді қайызғақтардан арылуға көмектеседі. Құрамында селен дисульфиді, салицил қышқылы және өзге де пайдалы табиғи қоспалар бар. Ол тек қайызғақтан арылтып қоймай, оның қайта пайда болуын тежейді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rusachka.ru

Қ. Бүйенбай