Мен қалай ұйықтаймын?

Мен қалай ұйықтаймын?

Жігіттер мен қыздардың кей жағдайларда түрлі әлемнің өкілдері сияқты бір-біріне ұқсастығына қарағанда айырмашылығы асып түседі. Ұйқы мен түс мәселесіне де жігіттер мен нәзік жанды арулар түрліше қарайды екен.

  • Қыздар түнде орта есеппен 1,4 рет оянады екен. Бұл жалғыз басты және тұрмыстағы аруларға да қатысты. Ал бойдақ жігіт түн сайын орта есеппен 1,2 рет оянса, отбасылы жігіттер, неге екені белгісіз, 1,8 рет оянады.
  • Қыздар аяқтарына шұлық киіп ұйықтауды әдетке айналдырыпты, айта кетсек шұлық киіп ұйықтау жігіттерге қарағанда әйелдерде 3 есе көп байқалады. Ал жігіттер шұлық тұрмақ, барынша шешініп ұйықтағанды жөн санайды екен.
  • Қыздар екі жастық салып ұйықтайды, ал ерлерге біреуі де жеткілікті.
  • Таңмен төсек жинайтын қыздар жігіттерге қарағанда екі есе көп.
  • 87% арулар бүйірге жатып ұйықтайды, жігіттер арасында бұл көрсеткіш 55,3%.
  • Алайда жігіттер ыңғайлы ұйқыны жақсы көреді: олар қыздарға қарағанда екі есе жиірек қымбат, ыңғайлы төсектер таңдап, тіпті кейде тапсырысқа төсек жасатады екен.
 

Бұл бақылаулардың барлығы Jawbone UP қолға тағатын жоғары технологиялық білезік көмегімен жасалды. Ол арнайы қосымша бағдарлама көмегімен смартфонға қосылып, сіздің ұйқыңыз, тамақтану тәртібіңіз бен қозғалысыңызды қадағалайды екен. Гаджетті шығарған мамандар бірден ер мен әйел өмір тәртіптерінің айырмашылықтарын анықтауға кірісті.

Ал сіздің ұйқыңызда қандай ерекшеліктер бар?


Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ibtimes.com

С. А