Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Түскі асқа дейін шыдай алмасаңыз...

Түскі асқа дейін шыдай алмасаңыз...

Түскі асқа дейін шыдай алмасаңыз...

Көптеген қызметкерлер таңғы ас пен түскі астың арасында қолайсыз жағдайларға ұшырасып жатады. Бірі таңғы асын дұрыс емес немесе мүлде ішпегендіктен түскі асқа дейін шыдамсызданып кетеді. Ал асқазан риза емес кезде дұрыс жұмыс жасау мүмкін емес. Осындайда есімізге жеңіл-желпі тағамдар түсе бастайды.

Кеңседе желінетін жеңіл тағамдар қандай болуы керек? Біріншіден, бұл тағамдардың калориясы аз болу керек, мұндайды ашығуды сезінген сайын қорықпастан ауызға аласыз. Екіншіден, олар тоңазытқышта сақталмаса да бұзылмайтын тағамдар болсын. Үшіншіден, қолымен желінгені дұрыс.

Сонымен қатар, жеңіл тағамдар жұмыс өнімділігін арттыра түседі. Берлиндегі Гумбольдт университетінің қызметкерлері кеңседе тамақтану күні бойы ақыл-ой белсенділігін қалыпты ұстап тұра алатындығын дәлелдеп шығарды. Неміс ғалымдары жүргізген тәжірибеге жұмыс үстелінде отырып тамақтанатындар мен сырттағы дәмханаға баратындар қатысқан. Соңғылары түстен кейін әлсіреп, миы тапсырмаларды шешіп, қателіктерді сараптауға дәрменсіз болып қалса, орнында отырып тамақтанғандар белсенділігін жоғалтпаған.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін жеңіл тағамдардың бірнеше нұсқасын ұсынып көрмекпіз.

Кесілген жеміс-жидектер

Тым шырынды жемістерді таңдамаңыз, қолыңыз, киіміңіз, жұмыс үстеліңіз былғанады. Алма, банан, сәбіз, қияр, асқабақ және жидектер жарай береді. Оларды пластикалық контейнерге салып әкелсеңіз болады.

Дәнді нан өнімдері

Олардың құрамында дәрумендер мен микроэлементтер және жасұнық көптеп кездеседі. Тез сіңеді әрі артық калорияларымен қауіп төндірмейді.

Лаваштағы кішкентай роллдар

Салындының нұсқалары көп: майсыз ірімшік пастасы, аскөк, көкөніс, уылдырық қосылғандары да жарайды. Бастысы жеуге ыңғайлы болсын, әдеттегі роллдардан кішірек болғаны абзал.

Жаңғақ

Жаңғаққа келгенде талас туып қалуы мүмкін. Бір жағынан ақуыз бен пайдалы майларға бай, екінші қырынан калориясы көп. Жүз грамм жаңғақта 600 калория бар. 

Кептірілген жемістер

Диетолог мамандар кептірілген жемістерді де көп пайдалануға рұқсат бермейді. Олардың бойында тым көп қант шырыны болғандықтан абай болғаныңыз жөн.

Сүт өнімдері

Ең жақсы нұсқа! Жолда келе жатып дүкенге соғыңыз да, өзіңіз ұнататын айран түрін немесе йогурт ала келіңіз. Олар сізді түскі асқа дейін құтқарып қалады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: aif.ru, vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 қазан 2013, 13:56
Пікірлер
+0
28 қазан 2013, 14:11

Мен кейде шыдай алмай, не болса соны жеп қоям. Мына кеңестерден кейін абайлайтын болдық :)

+0
28 қазан 2013, 20:23

Алма жеймін. Кейде таңертең тамақ ішпейтін болғандықтан, алма немесе басқа жеміс аламын. Бірақ көбіне салқын шәй аламын.

+0
28 қазан 2013, 21:34

мен көбіне қарным ашса самса жеп қоям

+0
28 қазан 2013, 22:47

менде туски аска дейин шыдамайтын едим жаксы болдыго

+0
29 қазан 2013, 11:06

Лаваштағы кішкентай роллдар болса қатып кететін еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.