Компьютер ойындарының 7 салдары

Компьютер ойындарының 7 салдары

Бәрі әдеттен аспаса дұрыс, ал бір нәрсеге шеттен тыс әуестеніп кету ізінен жақсылық әкелмеуі мүмкін. Мәселен, видео ойындарын тым көп ойнау денсаулыққа зиян. 

* * *

1. Джойстиктен саусақтың зақымдануы

Әуесқой ойыншылардың әдеттегі кеселі саналады. Белгілері: сезімталдықтың жоғалуы, шаншу мен саусақтың күлдіреуі. Емделуге апталар кетеді. 

2. Нинтендонитис пен виайтис

Нинтендонитис термині (Nintendo және tendinitis сөздерінен — сіңірдің қабынуы) көп уақыт ойын ойнаудан соң қол буындарының сіңірлері мен білектің зақымдалуына қолданылады. 

Виайтис — ойын тетіктерін баса беруден туындайтын иық буындарының ұзақ уақытқа шаршауы түсіндіретін кесел. Ауыртпайтын ем-дәрілер мен ойыннан түпкілікті бас тарту арқылы ғана жазылуға болады.

3. Талма ауруы

Ойынға әуестеніп кету кейбір жағдайда дененің құрысуына әкелуі мүмкін. Ғылым деректерінде компьютерлік ойындардың қарапайым қояншық ұстамасына септесуі мүмкін емес делінген. Ал бірақ қызыл-жасылды жарықтар мен геометриялық формалардың қайталануы немесе қозғалыстағы объектілер секілді визуальды тітіркендіргіштер салдарынан эпилепсияға жол ашылуы мүмкін.

4. Тәуелділік

Компьютер ойындарына тәуелділік - бұл құмар ойындарға қатты беріліп кеткенде (бір ғана мысал, рулетка) туындайтын дем-ырғақтың (импульс) бақылаудан шығуы.  

5. Агрессия және психикалық бұзылу

Зерттеушілер ойынға бой үйреткен жандардың депрессиялық һәм мазасыз, шалдығу кезеңдеріне жиі ұшырап тұратынын айтады. Балаларда бұл әсерленгіштіктің шектен тыс жоғарылығымен, өз кезегінде қарым-қатынас тілінің жоқтығынан көрінеді. 

Қауіпті белгілер: бағытталуға икемсіздік, түстің бұзылуы, мазасыздық, шаршау мен әлеуметтік қорқыныштар.

6. Тетрис әсері 

Тетристің кейбір әуесқойлары ойын ойнаумен өткен бірнеше сағаттан соң өздерінің сол ойындағы элементтерді ақиқат өмірден тауып жататындарын жеткізеді.

Мысалы, қолданушылар айнала төңіректен құлап бара жатқан бөліктерді көруі мүмкін немесе қалалық көрікке элементтердің сәйкестігін ойлауы мүмкін. Кейде бұл ойлар образды түрде бүкіл ішкі дүниені, қиялды, тіпті, адам ұйқысын жаулап алып жатады. 

7. Көз көрудің нашарлауы

Видео ойындар көздің жақсы көруін бұзуы мүмкін. Жарықтандырылып тұрған экранға мазасыз қарайлау көздің зер салуының күшеюіне алып келеді, компьютерді ұзақ уақытқа пайдалану сығырлықпен ауыратын қолданушылар үшін су қараңғылықпен аяқталуы ықтимал. 


Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: livescience.com

Л. Лига