Балет бишілерінің артықшылығы неде?

Балет бишілерінің артықшылығы неде?

Ғалымдар балет бишілерін төзімділігімен ғана ерекшелеп қоймай, олардың ми құрылымының да ерекше екендігін дәледеп отыр.

Осы ерекшеліктерінің арқасында қойылым барысында бастары айналмайды екен. Олар ұзақ уақытқа созылған дайындық барысында аяқ ұшымен жүруді үйреніп қоймай, денені тепе-теңдікте ұстау өнерін мықты меңгерген.

Ереже бойынша бастың айналуы ішкі құлақта орналасқан сезім мүшелерімен тікелей байланысты. Бастың қимыл қозғалысын осы жердегі сұйықтыққа толы камералар басқарып отырады. Басыңызды жылдам қозғалтқан жағдайда осы сұйықтықтың арқасында басыңыз біраз уақытқа дейін қозғалып тұрғандай сезіледі.
Балет бишілері дайындық кезінде бір нүктеге қадалып қарауды үйренеді де, соның арқасына бастары айналмайды.

Ғалымдар балет бишісі мен қарапайым адамның миын сканерлеп, мишық пен ми қыртысында айырмашылық бар екендігін анықтаған. Мишықта дененің тепе-теңдік қалпы жайында мәліметтер жинақталса, ми қыртысы бастың айналуын бірінші болып сезеді. Екеуін салыстырғанда бишілердің мишығының көлемі кішірек болған.

Медицина Департаментінің докторы Барри Симунгалдың айтуынша, балериналар әр қимылдарын бақыламастан, жаттанды болып қалған қимылдарды қайталай жасайды. Олардың миларының жаттыққандығы соншалық, бас айналуды жылдам қабылдайды. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

Қ. Бүйенбай