Таңғы астарыңыз дәмді болсын!

Таңғы астарыңыз дәмді болсын!

Күнделікті таңертең жұмыс не сабаққа жиналғанда, таңғы асты елемей, не оған уақытыңыз қалмай ма? Түске таман қарныңыз ашып, шаршағандық сезінетіндігіңіздің жалғыз себебі – осы. Таңғы аспен басталған күніңіз сәтті өтетінін мамандар дәлелдеген: ол иммунитетті жоғарылатып, зат алмасу процестерін тездетеді, жалпы күш-қуатты арттырады.

Таңғы асты ішу – салауатты өмір салтын ұстанатын адам үшін міндетті талап. Егер оған уақыт таппай, не таңмен тәбетіңіз болмаса, бұл мәселелерді шешу арқылы өз денсаулығыңызға үлкен көмек бересіз.

Қиын оянып, әрең тұратындарға төсегінің қасына бір үлкен стақан су қойып қоюға кеңес береміз. Ояна сала оны ішіп, сергіп қаласыз, асқазаныңыз тазарып, жұмысын тезірек бастайды. Әрине мінсіз таңғы ас оянғаннан кейін 1 сағат өткен соң басталу керек. Бұл кезге дейін тәбетіңіз де ашылып қалады. Алайда жұмыс не сабағына кешігіп тұрғандарға 1 сағат күтпей-ақ, оянып, төсек жинап, жуынып, киімді киіп, қысқасы таңғы шаруаларды аяқтап барып қана таңғы асты ішкен дұрыс. Таңғы асыңыз 600-800 сағаттар аралығында болсын.

Диетологтар артық салмақтан арылғысы келіп жүрген аруларға таңғы ас күні бойы ішкен тағамның басты бөлігі болу керек деседі. Бірақ таңмен көп жеуге көп жағдайда тәбет болмайды, асқазан да тамақтың үлкен үлесін қорыта алмайды.

Жаңа күнді жеміс-жидектермен бастаған дұрыс. Ғалымдардың айтуынша, жемістерді таңмен ағза дұрыс қабылдап, ағзаға ең көп пайда бере алады, асқазанды тазалап, көңіліңізді де көтереді.

Дәстүрлі кептірілген жемістер, жаңғақтар, көкністер мен шырындар, сүт, сүтті өнімдер мен ботқалар, бал да әдеттегідей таңғы ас ретінде өте пайдалы болады.

Таңғы асқа ауыр, ұзақ қорытылатын тамақ жемеген дұрыс. Ет, жұмыртқа, бұршақ, фасоль, тәттілер таңменен ас қорыту жүйесіне зақым тигізе алады.

Таңғы ас кезінде қандай сусын ішкен дұрыс?

Әрине бұл сұраққа байланысты әркімнің өз таңдауы болады. Алайда кейбір ортақ ережелерді біліп жүріңіздер:

  • Аш қарынға апельсин шырынын (немесе кез келген қышқылдылығы жоғары шырынды) ішпеңіз. 
  • Таңменен оразаңызды кофе не шаймен ашпаңыз.

 

Таңғы астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: realfood.tesco.com

С. А