Диета жайлы аңыздар

Диета жайлы аңыздар

Арықтау – кез келген арудың көкейінде жүрген мәселе. Кішкентай кезден салмақ тастау жайлы аналарымыз бен әпкелеріміз айтса, өсе келе, бұл мәселедегі білімімізді интернет пен журналдар арқылы толықтырамыз. Бірақ бұл кеңестердің көбісі шын мәнінде жұмыс жасамай, сізге келгенде, көмек бермейтіні бар. Ендеше арықтау мен диеталар жайлы айтылғандардың қайсысына сенуге болады, ал қайсысы аңыздар?

1. "Менің тұқымым сондай, анам да, апам да үлкен болғандықтан, арықтай алмаймын"

Сұлу қыздардың барлығы табиғаттан сұлу болып жаралған, белдері мықындай болуы жақсы генге байланысты деген пікір қате. Арық қыздар әу бастан сондай болған, олар әдемі болу үшін еш күш салмайды деп ойлаған дұрыс емес. Әрине түрлі тағам түрлерін барлық адамның ағзасы бірдей қабылдамайды, алайда дененің жалпы сау және әдемі пішінін сақтауы үлкен еңбектің арқасында ғана. Әсіресе танымал жұлдыздардың "Тегіс ішім анама, ұзын аяқтарым әкеме тартқан" сынды сөздеріне сенбеңіздер.

Әдемі дене тек өзіңізге жүргізген жұмыстың нәтижесі. Сондықтан анаңыздың толық болуы сіздің де дәл сондай болуыңыздың кепілі емес. Зерттеулер нәтижесі бойынша, артық салмаққа жауап беретін гендер (ондайлар да бар екен) зат алмасу не май жасушаларының қалыптасуына емес, ми жұмысына әсер етеді екен. Демек бұл тікелей біздің тамақтану жайлы ойларымызға байланысты.

2. Сағат 18.00-ден кейін тамақтануға болмайды

Бұл ережені арықтайтындар да, арықтамайтындар да жақсы біледі. Бірақ оның дұрыстығы күмән келтіреді. Расымен ұйықтар алдында 2-3 сағат ауыр тағам жемеген дұрыс, алайда әрқайсымыз түрлі уақытта ұйқыға жатамыз. Біреу үшін ауыр тамақ жеуге болмайтын уақыт 18.00-ден кейін болса, басқасы үшін ол 21.00 болуы мүмкін. Ал аш қарынмен ұйықтау қиын екенін есепке алсақ, бұл ереже пайдалды еместігіне қоса, ұйқыны бұзатындығын біле жүрейік. 

18.00-ден кейін мүлдем тамақ жемейтін қыздарға бұл қатал ережені қойып, жеңіл (көкөніс салаттары, ботқалар) мен ақуызды тағамдарды (мысалға майлығы төмен сүзбе) жеуге кеңес береміз.

3. Жасанды қант алмастырғыштар қанттан пайдалырақ

Жақында жүргізілген зерттеулер барысында тышқандарға қант пен қант алмастырғышы беріліп отырды. Нәтижесінде қант алмастырғыш жеген тышқандар қант жегендерге қарағанда, көбірек артық салмақ жинағандығы белгілі болды. Тәттіге құмарлар бал мен жемістердің табиғи қанттарын жеген жөн.

4. "Арықтау күндері"

Ештеңе жемейтін немесе алма, айран ғана жейтін бір күнде жақсылап артық салмақ тастауға болады деседі. Бұндай "арықтау күндері" бір кеш үшін дереу кішкене салмақ тастауға көмектесе алады, алайда көзге байқарлықтай арықтауға бұлайша қол жеткізе алмайсыздар. Аптасына бір күн тамақтан бас тартқанда, ағза майлардан арылып үлгермейді, себебі ол үшін ағзаға кем дегенде 72 сағат керек. "Арықтау күндері" нәтижесінде май емес, бұлшық ет есебінен салмақ тастайсыз. Жалпы қалыпты жағдайда ағза аптасын 400-700 грамнан арылады, міне, дәл осындай шама ғана ағза үшін қауіпті емес.

5. Жүргенде ас сіңімдірек болады

"Тұрып тұрғанда, ішке көбірек сыяды" деген айланы көбіміз қолданып, жүріп барып, жолда тамақтанатынымыз бар. Алайда бұндай тамақтану ас қорыту жүйесіне зақым тигізе алады. Тұрып тұрғанда біз тағамның үлкенірек бөліктерін жұтамыз, осыдан тамақты көбірек жедім деп ойлап қалуыңызға болады. Алайда осының арқасында асқазанның қорытылуы қиындауы мүмкін. Сондай-ақ америкалық ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, майдаланған тағамға ағза тезірек тояды. Ми майдаланған тағамды көбірек қабылдап, оған тезірек тояды-мыс. 

Ең дұрысы – отырып тамақтану. Бірақ компьютердің алдында, не кітап оқып отырғанда тамақтанбаған дұрыс. Бұлайша жеген тағамның көлемін бақылап, тойғаныңызды түсіне аласыз.

Жалғасы бар.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ru.zemmrate.com

С. А