Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Темекі бағасы екі есе қымбаттайды

Темекі бағасы екі есе қымбаттайды

Темекі бағасы екі есе қымбаттайды

2014 жылы Қазақстанда алкогольді және темекі өнімдерінің акцизі (көпшілік тұтынатын заттарға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге салынатын жанама салық) қымбаттайтын болады.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев бұл туралы былай дейді: "Жалпы айтатын болсақ, темекі акцизі бүгінде 1550 теңгені құрап отыр. Біз оны 2014 жылдан бастап 3 мың теңгеге көтергелі отырмыз. Осылайша, акциздің өсуі жалғаса беретін болады. Бұл 2020 жылы 9000 теңгеге жетеді. Тура осындай өзгерістер алкогольді өнімдерге де енгізіледі. Бүгінде акциздің мөлшері ішімдіктің литрі үшін 500 теңге болса, 2014 жылы 1000 теңгеге, 2006 жылы 14000 теңгеге көтеріледі. Бізге акциздің көтерілуі аса қажет. Бұл тек экономикалық жағынан ыңғайлы емес. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Қазақстан ішімдікті ең көп қолданатын 30 көшбасшы елдің қатарына кіреді екен. Біздің көрсеткішіміз – бір қазақстандық үшін 7-8 литр ішімдік. Бұл сұмдық ұят көрсеткіш! Сондықтан бізге акциздің көтерілгені қажет. Мен ішімдік пен темекінің бағасы қымбаттады деп барлығы нашар әдеттерін тастап кетеді деп қиялға берілгім келмейді. Жоқ дегенде, адам шылымқорлық пен ішімдікке салынбас бұрын: бір қорап темекі 150 теңгеден қымбат тұратын болса, темекіні бастағаным дұрыс па деп ойланатын болады".

Министр акциздің жоғарылау себебінен шылым мен ішімдіктің "қара нарқы" да өсетін болады дегенді қоса кетті. 

"Ішімідік сатудың ережелеріне қатаң тұсау саламыз. Ішімдіктің тек ірі сауда орталықтарында, мамандандырылған дүкендерде сатылатындығын қадағалаймыз. Тәртіп бұзылған жағдайда жоғары көлемде айыппұл салынады немесе жазаға тартылады: мүлік тәркілену, лицензиядан айыру, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Спортты дамыту жұмыстары қолға алынып, көптеген шаралар жасалады. Ол үшін әрине, экономикалық өлшемдер керек. Тіпті, ересек адамдардың өзі тірнектеп тапқан табысын удай қымбат шылымға жұмсау алдын ойланып қалуы тиіс. Ал жасөспірімдердің қалтасы бір бөтелке ішімдік пен бір қорап темекіні көтермеу керек. Әлемдік тәжірибе, темекі бағасы арзан елдерде шылымқорлардың өте көп екендінгін көрсетіп отыр. Біз мұны бүгін жасамасақ, келекшекте мемлекет үлкен қиындықтарға тап болады. Өткен ғасырдың салық мәдениетінде қалып отырып, нарықтық эконмиканы көтеру мүмкін емес. Бұл менің азамат ретіндегі, адам ретіндегі ұстанымым" - деді Е. Досаев.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: baq.kz

2387 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2013, 12:06
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2013, 12:15

дұрыс, өте дұрыс, парламенттің бағасы 500 теңге болатын шығар иә

+0
12 қыркүйек 2013, 12:24

Мда, осымен мәселе шешіле қойса. Тағы сол тиынға тиын қосып отырғандар одан бетер кедейленіп отыра берері анық.

+0
12 қыркүйек 2013, 12:33

Бiр кездерi теледидардан жарнамалауға тыйым салғанда өстiп бiр қуанып ем, бiрақ одан «беделi» кемiгенi шамалы... Кейде ойлаймын, неге мүлде тыйым салмасқа деп...

+0
12 қыркүйек 2013, 12:54

Дұрыс әрине, бірақ бұл көмектеседі ме екен?

+0
12 қыркүйек 2013, 21:51

не үшін көтереді??? одан папам қойып кетпейді ғой (((

+0
14 қыркүйек 2013, 19:14

алып алу керек блоктап

+0
14 қыркүйек 2013, 21:56

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...