Өмірдің ең қауіпті жылдары

Өмірдің ең қауіпті жылдары

Техас штатындағы американдық денсаулық Орталығы мен Хельсинск университетінің орталық ауруханасының ғалымдары бірлесе отырып адам өмірінің ең қауіпті жылдарын жариялады.

Ғылыми жаңалықтың бір қызығы – сандардың ерлер мен әйелдер үшін екі түрлі болып отыр.

Ғалымдар тәжірибелік жұмыстар барысында мыңға жуық науқастың құжаттарын тексеріп, 15 және 49 жас аралығындағы адамдарға сауалнама жүргізеді. Әртүрлі жыныстағы, әртүрлі ұлттағы, әртүрлі жастағы науқастар қаралғандықтан жаңалықтың қате болуы мүмкін емес екен.

Осылайша, олар жүрек жұмысының бұзылатын кезеңін анықтайды. Әйелдер үшін жүрек жұмысының бұзылуы 30 жасқа дейін жиі байқалып отыр. Ал ер азаматтар қауымына бұл қауіп тек он жылдан кейін, яғни 40 жаста қайталанады. Жүректегі ауытқулар қантамырларға соққы беріп, инсультқа, инфарктқа әкеліп соқтырады.

Темекіге, ішімдікке әуес әйелдер мен еркектерге қауіп екі есе төніп тұр.

Осындай нәтижелерді мәлімдеген дәрігерлер кәрілікті күтпестен, 35 жастан бастап инсульттан сақтану шараларын бастау керек екендігін айтып отыр.

Сурет: deltahealth.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева