Темекі тартсаңыз, заңды біліңіз!

Темекі тартсаңыз, заңды біліңіз!

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы, ішкі істер министрлігі ұлттық «темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» одағымен бірігіп, тәулік бойы жұмыс жасайтын «SkunsCamera» қызмет көрсету желілерін іске қосты, деп хабарлайды sim.kz. Оның көмегімен қала тұрғындары мен оның қонақтары таза ауаны ластаушылардың үстінен 302-83-83 нөмірі арқылы шағым түсіре алады.

Мұнымен қатар, шағымдар www.skuns.kz сайтында тіркеледі. Осы арқылы полиция қызметкерлері айыппұл мөлшерін тағайындайды. Ал шағым түсірушілердің аты-жөні тіркелмейді.

Желінің іске қосылуы қоғамдық орындарда қорқор мен темекіні шамадан тыс пайдаланумен тікелей байланысты.

Жоғарыдағы одақтың айтуынша, 10 қоғамдық орынның 8-і шылым шегуге байланысты тәртіпті бұзады. Тексерілген 4 ауданның ішінен ең көп шылым шегетіндер Медеу мен Алмалы аудандары екендері анықталды. Бұдан өзге тексеріс нәтижелері қорқорды шегетіндер жастар мен мектеп оқушылары екендігін көрсетті.

Тәртіпті бірнеше рет бұзғандарға «SkunsCamera» логотипі бар "сыйақы" берілетін болады. Осы уақытта одақтың қара тізіміне 100-ге жуық мекеме тіркеліп үлгерген. Алдыңғы қатарға «АВ – Cafeteria», «Бочонок»,  «Ассорти», Vertolet, «Теплица» мейрамханалар желісі және «XO», Skybar жайғасты. 

Ұйымдастырушылар шағымдарға жауап беру қызметіне І топ мүгедектерін тағайындауда (олар өз қызметтерін үйде отырып атқара алады).

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: yvision.kz

Қ. Бүйенбай