Қыздар неден құралады?

Қыздар неден құралады?

Әйел гормоналды жүйесі өте күрделі, көп қабатты және қатаң тәртіпте құрылған: гипоталамус – гипофиз – аналық без. Гипоталамус – гипофиз гормондарының түзелуін ынталандыратын рилизинг-гормондардың түзелуін қамтамасыз ететін мидың бөлігі. Ал гипофиз өз кезегінде, әйел жыныстық гормондары - эстрогендерді түзейтін аналық безді ынталандырады.

 1. Әйел жыныс гормондары әйелдің бала туу функциясын анықтайды.

Етеккір кезеңінің басында аналық клеткасы аналық безден шығып, жатыр түтігімен жатырға қарай жылжиды. Нақты гормондардың арқасында аналық клеткасы аталық ұрыққа қарай бағытталады. Егер ол аталық ұрықпен кездессе, ұрықтанады, кездеспесе – етеккір басталып, аналық клетка қанмен және жатырдың беткі былжыр қабығымен бірге сыртқа шығады. Әйелдің өсімпаздық жасының ұзақтығы оған туа біткен аналық клеткалар санына байланысты. Барлық қоры таусылғаннан кейін, климакс басталады. Бала туу қабілеті жоғалады.       

 2. Әйел жыныс гормондары әйел дене бітімін анықтайды.   

Қыз бала өмірінде оның толықсып, дене бітімі өзгеретін сәт басталады: бөксе, жамбас және кеудесіне май жинала бастайды. Кеуде мен жамбастағы май тканьдері эстроген түзейтін қосымша орын болып табылады. Тек май тканьдерінде андрогендер эстрогенге айналады. Олар қажетті мөлшерде жиналған соң, миға аналық безінің жұмысы мен етеккірді бастау уақыты келгені туралы сигнал барады. Әйелдің нағыз дене бітімі алма емес, алмұрт тәрізді келеді.  

Медициналық белгілерге сай, әйел белі 88 см-ден жіңішке, ал жамбасы жалпақ болу керек. Жамбасы неғұрлым жалпақ болса, әйел өмірі соғұрлым ұзақ болады. Дегенмен, белі айтылған өлшемнен аспауы тиіс. Ал егер май жамбаста емес, белінде жиналса, әйел денсаулығына өте қауіпті. Себебі, ішкі органдардың айналасындағы май күрделі аурулар тудырады.  

3. Әйел жыныс гормондарының жетіспеуі түрлі сырқаттарға әкеледі.

Әйел климакс кезеңіне жеткенде, жыныстық гормондар мүлдем дерлік түзелмейді. Гормон жетіспеушілігінен әйел денсаулығы күрт нашарлайды.

  • Гормон жетіспеушілігі бірінші кезекте шырышты қабыққа әсер етеді. Алдымен, бұл жыныстық мүшелерінің шырышты қабығы. Әйел асыра құрғақтық пен түрлі қолайсыздықтар сезінеді. Құрғақтықтан қуық инфекциялары жиі мазалап, зәр шығару қиындайды.  
  • Осы жаста әйелде қан тамырлары да ауыра бастайды. Эстрогеннің қалыпты деңгейі тамырлардың серпімділігін қамтамасыз етіп, атеросклероздан қорғайды. Ал гормондары азайғанда, әйел қан тамырларында түйіндіктің пайда болу қаупі артады.   
  • Климакс кезінде эстроген тапшылығы сүйек жағдайына да әсер етеді. Олар кеуек және морт болып келеді. Остеопороз дамып, сүйек сыну қаупі жоғарылайды.

Не істеу керек?

Гормоналмастырғыш терапиясы қажет. Дәрігер-гинеколог жазған таблеткадағы әйел жыныс гормондарын қабылдау керек.

Сурет: zdorovieinfo.ru, parismed.ru