Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Алтын орнына күміс тағыңыз

Алтын орнына күміс тағыңыз

Алтын орнына күміс тағыңыз

Ұзақ жылдар бойы алтынның адам ағзасына тигізер әсерін зерттеп келген канадалық зерттеушілер осы металдан жасалған әшекей бұйымдар адамды күйзеліске алып келетінін хабарлады.

Тәжірибе нәтижесі бойынша, теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болатындығы анықталды. Эмоциялы адамдарды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнымен қатар қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті. Әшекей бұйымдардың көздің жауын алып жарқырауы қояншық ауруының ұстамасына алып келеді.  

Канада ғалымдары алтын бұйымдарды мүлдем тақпаңыздар демей, керісінше тек түнде шешіп қоюға немесе орнына жүйке қызметін реттеп, артериялық қысымды төмендететін күмісті тағуға кеңес береді.

Ал күмістің әсері керісінше. Оны адамзат ежелден қолданып келеді: күміс ыдыстардан тағам жеген, күміс су ішкен, оның көмегімен түрлі ауруларды емдеген.

Күміс қосылған тағам:

Күмістен жасалған немесе күміс қосылған тағам дегенді естуіңіз бар ма? Жақын арада Е174 деген атауы бар сирек әрі қымбат тағам қоспасы жасалынды. Ол әдеттегідей кондитерлік тағамдарды әшекейлендіру үшін пайдаланылады. Осы секілді Е175 атты алтын қоспасы бар. Бұл күндері алтын қаптамаға салынған шоколадты, алтын көбігі қосылған шараптарды, алтын иондары бар суды кездестіруге болады.

Күмістің зияны:

Күмістің дәмін татып көруге болғанымен, ағзаға тигізер кері әсері де бар. Күн сайын адам ағзасына тағамдар мен су арқылы 7 микрограмм күміс түседі. Оның ағзаға артық мөлшерде түсіп, бауырға жиналу қасиеті бар. Ми, өкпе, гипофиз, көздің шатырша қабығында күміс мөлшерінің көп болғанына қарамастан, артық болуының еш пайдасы жоқ.

Алайда медицина саласында «ағзадағы күміс тапшылығы» деген ұғым жоқ. Ағзада күміс мөлшерінің артуы аргентоз ауруына әкеліп соқтырады. Сол себепті күміс иондары бар суды пайдалануға тыйым салынады. Ол суды бактериялардан тазартпайды, тек көбеюін тежейді.

Күмістің пайдасы:

Бұл металл түрінен жасалған әшекей бұйымдарды тағу денсаулыққа пайдалы. Жүрек пен жүйке жүйесін қалпына келтіріп, асқазан мен бас ауырғанды басады. Шаршағанды сергітіп, күйзелістен арылуға септігін тигізеді.

Күмістің қараюы:

Күмістен жасалған әшекей бұйымдарымыздың қарайып кеткен сәттері бәрімізде болған шығар. Кейбір адамдардың керісінше терісі қарайып жатады. Күмістің қараюы құрамындағы тотығып, қарайып кету қасиетіне ие медий қоспасының әсерінен. Тершең адамдарда бұл үрдіс жылдам жүреді. Бұдан өзге қараю ауа ылғалының ауысуы мен косметикаңызды жаңартудан болуы әбден мүмкін.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

19235 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 20 тамыз 2013, 13:44
Пікірлер
+0
20 тамыз 2013, 14:52

шынымды айтсам, өмірімде алтын тағып көрмеппін, үйде алтынға қызықпайтын мен ғана, керісінше күмістерді қатты жақсы көремін :)

+0
20 тамыз 2013, 22:07

ия,мен де мүлдем алтын тақпаймын. Күмістерім өөөте көп. Достарым,туыстарым да көбіне күміс сыйлады)))))(туылған күнімде,әрине) :mrgreen:

+0
20 тамыз 2013, 22:08

Ал,күмістің зиянынымен алғаш таныстым. Көп рахмет,Қарлыға әпке!

+0
21 тамыз 2013, 10:12

Оқасы жоқ, пайдаларыңызға жараса болғаны)))

+0
20 тамыз 2013, 22:09

:idea: "зиянымен"

+0
23 тамыз 2013, 17:44

Күмiстiң қарайғаны ауруды алғаны деп жүрсек...))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев