Мамандар «Coca-Cola» сусынын зерттеді

Мамандар «Coca-Cola» сусынын зерттеді

Аялдамаларда «Coca-Cola», «Pepsi» сынды компаниялардың автомат құрылғылары қойылған. Оны қолданып та жататын кездеріміз болады. Мамандардың айтуынша, денеміздегі қатпар майлар осы түрлі-түсті газдалған сусынның әсерінен пайда болады. Мұны дәлелдеу үшін Техас штатының медициналық колледжінің зерттеушілері диеталық кола мен әдеттегі сусындарды пайдаланушыларға зерттеу жүргізген. Зерттеу барысында диеталық коланы пайдаланушылардың 70 пайызының бел өлшемдері басқаларынан үлкен болған.
«Диеталық сусын» тіркесінің астарында қандай мағына жатқандығы туралы ойланып көрдіңіз бе? Ойланып көрмеген болсаңыз, ойлануға тұралық сөз тіркестерінің тізімі: бояғыш карамель, аспартам, фосфор қышқылы, калий цитраты, табиғы иістендіргіштер, лимон қышқылы, кофеин.
Газдалған сусын мен кофеиннің ағзаға әсері туралы естіген боларсыз. Ал калций цитраты ағзаға зиянсыз болғандықтан оны да қарастырмаймыз. Қалған күрделі қоспалармен танысатын боламыз.


Бояғыш карамель
«Бояғыш карамельді жүгері мен қант құрағынан алады. Ол сусынды қажет түске бояу мақсатымен қосылады»,- дейді «Coca-Cola» компаниясы.
Алайда карамельдің ағзаға зияны жетерлік. Оны көп қолданса, өкпе обырына шалдығуы мүмкін. Бұл мәліметті растап отырған АҚШ-ның тапсырысымен зерттеу жүргізген орталық және халықаралық обыр ауруын зерттеу агенттігі. 
Аспартам
«Аспартам – калориясы төмен тәттілендіру үшін пайдаланылатын зеттек. Әдетте екі амин қышқылынан тұрады: аспаргин қышқылы және фенилаланин. Аспартам балаларға да, жүкті әйелдерге де зиянсыз. Ол өнімге қосылған жағдайда, заттаңбасында көрсетіледі»,- деп «Coca-Cola» компаниясы жылы ақталады.
Ғылыми зерттеу нәтижесі: «Аспартамның ағзаға зиянды тұстары көп. Жануарларға жүргізген тәжірибиелер аспартамның да обыр ауруының тууына әсер ететіндігін дәлелденіп отыр». Бұл зерттеуді жүргізген емдәм мәселелерін қарастырушы, «Delicious-Knowledge.com» интернет желісінің бастығы Александр Касперо. 
Мұнымен қатар төмен калориялы тәттілендіргіш салмақтың артуына алып келеді, өйткені ағзамыз жалған тәтті дәмге алданып дәм сезу рецепторларын іске қосады. Соның нәтижесінде адам көп мөлшерде тамақ ішеді.
Фосфор қышқылы
«Coca-Cola»: «Фосфор қышқылы сусынның қышқылдығын қалыпқа келтіру мақсатымен қосылады. Аты айтып тұрғандай құрамында фосфор бар. Фосфор – адамның сүйегінің қатайып, сау болуына керекті зеттектердің бірі».  
Алайда тіс дәрігерлері «фосфор тіс эмалін кетіріп жіберетіндіктен, артық мөлшерде пайдаланбаған дұрыс» дейді. Табиғи дегендердің барлығы ағзаға пайдалы өнімдер еместігін де ескере кеткеніміз жөн. Табиғи дегеніміз тек табиғитта көп мөлшерде кездесетіндігін айқындайды.
Қорытынды
Қатты шөлдесеңіз де боялған сусындарды пайдаланбауға тырысыңыз. Оның орнына қарапайым су мен газдалған түрін пайдалсаңыз болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай