Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Қазақтар отбасында қанша бала болғанын қалайды?

Қазақтар отбасында қанша бала болғанын қалайды?

Қазақтар отбасында қанша бала болғанын қалайды?

HeadHunter: Жартыға жуық қазақстандық жұмыскерлер болашақта 2-3 баланың ата-анасы болуды жоспарлайды.

"HeadHunter Қазақстан" компаниясының зерттеу орталығы әлі ата-ана атанбаған екі жарым мыңға жуық азаматтардан сауалнама алған. Нәтижесінде: шамамен сауалнамаға қатысушылардың жартысына дерлігі (48%) болашақта 2-3 баланың ата-анасы болуды жоспарлайтындығын айтқан. Ал екі жарым мыңға жуық адамның 15 пайызы балалар санын жоспарламайтындығын, бәрін болашақта жағдайға байланысты көретіндігін айтқан. Ал 12 пайызы өздерінің болашақ отбасын үш-төрт баламен елестетсе, 4 пайызы бес және одан да көп баланы өмірге әкелгісі келеді.

Сауалнамаға қатысушы екі жарым мыңға жуық азаматтардың 12 пайызы балалар санының көп болуы қаржылай қиындықтардың көп болмауымен байланыстырады. Демек, олардың қалтасы қанша қалың болса, шаңырағынан да сонша көп баланың шуы естілмек екен. Ал 5 пайызы бір баладан артық баланы өмірге әкелуден қашқақтаса, 4 пайызы әлі ұрпақ жалғастығы жайлы ойланып та көрмегендігін мойындаған.

Сауалнамаға қатысушылардың ішінде ер адамдар да әйел жыныстылар да бар. Сонымен қатар, сауалнамаға қатыстырылуда олардың әлеуметтік жағдайы мен шен-шекпеніне көңіл аударылмаған. Аталмыш сауалнамаға ер адамдардан гөрі бойжеткендер жағы болашақта қанша баланың анасы болғысы келетіндігіне өте байсалды түрде ойланып, қойылған маңызы бар сұраққа аса жауапкершілік танытып жауап берген. Әйткенмен, төмен етекті әйелдер қауымының көбі «Бір баладан артық емес» деген жауапты көп айтқан (6% қарсы 5%). «Отбасымның жағдайына қарай көремін» (11% қарсы8%) деушілер де аз емес. Ер адамдардың көбі бес және одан да көп балалардың әкесі болғысы келеді.

Жұмыс жасамайтын болашақ әкелерден (жұмыскер ер адамдармен салыстырғанда) мынадай жауаптар алынған:

«Көп балалы әке болуды жоспарламаймын. Бармен – базар» (16% қарсы 13%)

«Балаларымның санын бестен жоғары болғанын қалаймын» (6% қарсы 5%)

«Әлі бұл жайында ойланып та көрмеппін» (9% қарсы 7%).

Жұмыс жасамайтын әйелдер қауымы қызметтегілерге қарағанда көбіне отбасында бір баладан артық туғанды қаламайтындығын жасырмады (7% қарсы 5%). Олардың ішінде де балар саны жайында және отбасын құру жайында ойланып көрмегендері де жоқ емес (8% қарсы 5%).

Ал сіз, отбасыңызда қанша бала болғанын қалайсыз?

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

3086 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 25 шілде 2013, 12:37
Пікірлер
+0
25 шілде 2013, 14:02

4-6 бала, көп болғаны жақсы ғой көпшіл болады, біздің тұқымда бәрінде 2-3 бала.

+0
25 шілде 2013, 14:30

қанша берсе сонша болсын деген нұсқаны таңдар едім :mrgreen:

+0
25 шілде 2013, 14:47

қызық статистика екен

+0
25 шілде 2013, 17:26

"Жығылсаң, нардан жығыл" кем дегенде жетеу болса деймін :)

+0
27 шілде 2013, 16:37

көп болғанын қалар едім, 7-10.

+0
30 шілде 2013, 21:56

8

+0
11 тамыз 2013, 15:55

Құдайдың бергені болады ғой, расында көп болса жақсы бауырмашыл келеді, біз өзіміз жетеуміз баріміз бауырмашылмыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...