Бұлшық ет туралы қызықты деректер

Бұлшық ет туралы қызықты деректер

Сүйектерді қозғалысқа келтіретін, мықты да нәзік бұлшық ет жайлы қызықты деректерді біліп жүріңіздер. 

Мамандардың айтуынша адам денесінде 400-ден 680-ге дейін бұлшық ет түрлері бар. Бірақ олардың нақты санын айту мүмкін емес. 

Сіздің салмағыңыздың  40%-ы, яғни 20-30 кг бұлшық еттерге тиісті.  

Адам денесіндегі ең үлкен бұлшық ет – сан бұлшық еті. Ол денедегі ең үлкен жамбас сүйегін қозғалысқа келтіреді.

Бұлшық еттердің ең көп шоғырланған жері – адамның беті. Осы себепті біздің мимикамыз сан алуан түрлі бола алады. 

Адам денесіндегі ең мықты бұлшық ет жақтың бұлшық еті екен. Сіз тамақ шайнағанда ол 190 кг күшпен қыса алады. 

Аяқты қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің саны 19 екен. Олар бір-бірімен байланысқан жұмыс нәтижесінде табаныңызды қозғалтады.

Ал бір қадам жасау үшін сіздің 200 бұлшық етіңіз іске қосылады. Күнделікті орташа бір адам 10 000 қадам жасайтынын есепке алсақ, аяқ бұлшық еттері өте мықты екенін айта аламыз. 

Сүйісу беттің 30 бұлшық етін қозғалтады.

Жүрек адам денесіндегі мықты бұлшық еттердің бірі. Өз күшімен ғана ол адам ағзасындағы бар қанды 4 қабатты үйдің биіктігіне көтере алады.

Сіздің денеңіздегі бұлшық еттің 50%-ы аяқ бұлшық еттері, 30%-ы қолға, 20%-ы бас және басқа бөліктерге тиесілі.

Қарапайым күлкі адам бетінің 40 бұлшық етін іске қосады. 

10 жылда адам өзінің бұлшық етінің 3%-ын жоғалтады. 

Бұлшық еттердің саулығы адам өмірінің ұзақтығына тікелей әсер етеді екен. Сондықтан бұлшық еттерді жаттықтырып, шымыр қылу өте маңызды.  

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: academiaesfera.com.br

С. А