Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Зиян тағамдарға балама

Зиян тағамдарға балама

Зиян тағамдарға балама

Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының көрсеткіштерінің бірі. Бірақ қазіргі жарнама мен мейрамханалар, фастфуд көбейген заманда зиян, бірақ сондай тартымды тамақтардан қалай бас тартуға болады?

Дұрыс тамақтануды әдетке айналдырамын десеңіздер, зиян тағамдарға балама тауып, соларды күнделікті рационымызға қосайық.  

Тәтті кәмпиттер мен тәтті газдалған сусындар 

Тәттіге деген шамадан тыс құмарлық, ағзаңызға қант, яғни қарапайым көмірсулар жетіспеуінің белгісі болуы мүмкін. Көмірсулар дене мен ми үшін  энергия көзі болып табылады. Алайда көмірсуларды сол сәтте "құртып тастамасаңыз", ол артық салмаққа айналады.  

Немен алмастыруға болады?  


Тәтті шоколад пен сусындарды жеміс пен жеміс шырындарымен алмастыруға болады. Оларда да көмірсулар шамасы сондай-ақ, алайда калорий азырақ. Сонымен қатар жемістер мен олардың шырынындағы дәрумендер кәмпиттер мен газдалған сусындардан әлдеқайда пайдалы. 

Қуырылған картоп

Дүкенде сатылатын қуырылған картоп тілімдері – тұз бен майдың үлкен шамасы. Заманауи адамның рационында тұз да, май да шамадан көп болады. Сондықтан қытырлатқыш картопқа құмарлықты түсіндіру қиын. Бәлкім сіз жай ғана ауызға салып отырып, тез тойатын тіскебасар қалайтын боларсыз? 

Немен алмастыруға болады? 


Қытырлатқыш картопты попрокнмен алмастырып көріңіз. Жүгері жалпы аз калориялы тағам болып табылады (100 граммда 100 килокалорий). Алайда оның құрамындағы өсімдік протеиндер, В тобының дәрумендері оны пайдалы әрі тойымды тағам қылады. Әрине попкорнды үйде өзіңіз дайындаған дұрыс, май, тұз, қантты барынша аз қолданыңыз. 

Балмұздақ не торттың кремі

Балмұздақ не үлкен торттың кремін жегіңіз келсе, сізге жағымды сезімдер жетіспейтінін біліңіз. Бұндай десерттер қарынды тойдыратын тағам емес, жұмсақ және нәзік сезімдер беретін тәттілер ғана. Ондағы сүт, қант, шоколад жанымызға ерекше рахат сыйлайды. Бірақ олар өте калориялы, балмұздақ жеп болғаннан кейін қанға инсулин көп мөлшерде бөлініп, қарыныңыз қатты ашып кетеді.  

Немен алмастыруға болады? 

Бұндай тәттілерді сүттен жасалынған басқа, майлығы аз, жеңіл десерттармен алмастыруға болады. Мысалға бірнеше минутта блендер көмегімен сүтті сусындар жасауға болады немесе майлығы аз ірімшікке табиғи йогурт пен сүйікті жемістер тілімдерін қосып калориялығы аз тәтті десерт жасауға болады. Бастысы бұндай тағамдарға қаймақ және қант барынша аз қосыңыз, майлылығы төмен тағамдар қолданыңыз.                    

Гамбургер мен фри картопы                                                                      

Тойымды, дәмді гамбургер мен қуырылған, тұзды фри картопын ерекше қалап тұрсыз делік. Бұл ненің белгісі? Гамбургерде ерекше атап өтетін ағзаға пайдалы еш нәрсе жоқ. Демек ағзаңызға дәмі қатты білінетін, тойымды тағам қажет. Ал ондағы майдың көптігі тәбетімізді ашады. Әрине адам ағзасына май да қажет, бірақ фастфудтың майынан абай болыңыз. Холестерин, басқа да зиянды майлардың қайнар көзі осы.    

Немен алмастыруға болады?  

Бұндай зиян тағамды кез келген пайдалы тойымды тағаммен алмастыруға болады. Балық, жаңғақтар сияқты күнделікті рационыңызда жоқ тағамдарды жегенде гамбургермен тамақтанған кездегідей балаша қуанасыз. Олардың құрамындағы протеиндер мен қаныққан майлар (омега-3 және омега-6) сізді жүрек-тамыр ауруларынан сақтайды. 

Шоколад                                                                                                       

Тәттілердің патшасы – шоколадты кім сүймейді? Шоколадтағы магний табиғи антидепрессант болып табылады, ол бақыт гормоны серотонин бөлінуіне ықпалын тигізіп, бізге жақсы көңіл күй, жайлы ұйқы сыйлайды. 

Шоколад бір жағынан пайдалы тағам, егер сіз бір кесек шоколадқа қанағат етсеңіз, оны алмастырудың еш қажеті жоқ. Бірақ егер сіздің шоколадқа деген құмарлығыңыз қатты болса, ол артық салмаққа әкелуі мүмкін. 

Немен алмастыруға болады?


Шоколадты кептірілген жеміс тілімдерімен (өрік, мейіз) алмастыруға болады. Олардың құрамында да магний бар, алайда кептірілген жемістер дене бітіміңізге қауіпті емес.  

Қуырылған тұздалған жаңғақтар, пісте

Сіздің ағзаңызға белгілі бір зат жетіспейді деп айтуға қиын. Әрине қуырылған тұздалған жаңғақтар мен пістеде тұз, май болады, бірақ олардың шамасы аз. Сіз үшін пісте шағу жүйкені тыныштандыратын дәстүр болуы мүмкін. Бір рет татып көріп, әдет қалып қалады. Ал бастағаннан кейін, соңына дейін бітіргін келеді. Оны тамақ ретінде қабылдамасақ та, 100 грамм қуырылған жаңғақта 600 килокалорий бар екен (!!!).  

Немен алмастыруға болады? 


Жаман әдетті басқа, зияны азырақ әдетпен алмастыру керек. Ауызға салып, бір нәрсе шайнағыңыз келіп тұрса өзіңізге пайдалы бутерброд дайындаңыз. Қара нанның үстіне аз тұздалған балық кесегін, лимон қойыңыз. Бұндай тіскебасар дәмді, тұзды, майлы болады. Ол пайдалы май мен протеиндерге бай. Тағамыңызды асықпай жеп, тез тойып қаласыз. 

Тәтті бәліш  

Ақ ұннан пісірілген тәтті бәліште ағзаға өлердей керек еш зат жоқ. Ол десерт сияқты тәтті, пайдалы заттары аз, көмірсуларға бай, оған тез тойсаңыз да, артынан қарыныңыз тез ашиды. мамандардың айтуынша тәтті бәліштердің сыртқы түрі, жұмсақтығы-ақ оны жеуге шақырып тұрады. 

Немен алмастыруға болады?  


Тәтті, жұмсақ бәліштерді арнайы диетикалық нандар, қара нан, мюслимен алмастырыңыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: tibb.az, livejournal.com 

11819 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 шілде 2013, 11:02
Пікірлер
+0
14 шілде 2013, 09:42

Керек дерек екен бұл да!

+0
15 шілде 2013, 08:43

Тәттілер жемесес организм әлсіз сияқты боп тұрады

+0
16 шілде 2013, 15:56

мен қуырылған картоп мүлдем жемейді екем,сосын шоколод, десерт коп жемейм бірақ шемешкіні қатты жақсы көрем :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...