Суретке қарап мінезіңді анықта. Психологиялық тест

Суретке қарап мінезіңді анықта. Психологиялық тест
Фото: adme.media

Бұл суретте бірінші кезекте сіздің көзіңізге не түсті? Сол сіздің болмысыңыздан хабар береді.

Таулар. сіздің негізгі қасиеттеріңіз — шешім қабылдаудағы байқағыштық, беріктік. Минусы — баяулық және жиі шамадан тыс сақтық.

Ай мен жұлдыздар. Арманшылдық пен қиялдың дамуын білдіреді. Кемшіліктердің бірі — күнделікті мәселелерді жедел шешудегі қиындықтарға жиі тап болуы. Одан бөлек шынайылыққа оралғысы келмеу, қиял әлемінде өмір сүруге құлшыныс. 

Орман. Көпшіл, айналасындағы адамдардың тез тіл табысады. Өзін үлкен ортада жақсы сезінеді. Шешім қабылдауы қиын, сондықтан ұзақ ойланады. 

Компас. Нақты мақсат қоюдың белгісі, қозғалыс векторы. Сіз алға қойған міндеттерге жету үшін ешнәрседен тартынбайсыз. Табандылық қасиетке тән. Кемшілігі — бағытты өзгертуге икемділіктің болмауы.

Қасқыр. Индивидуализм мен жарқын тұлғаны білдіретін тұлға. Сіз өзіңізді жақсы түсінесіз, не қалайтыныңызды білесіз және өз қабілеттеріңізді еркін пайдалана аласыз. Алайда, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау және қоғамға сіңуде мәселелер туындауы мүмкін.

Т. Есқали