"Тәтті жегіңіз келсе, қыз болады". Бала жынысын анықтаудың халықтық әдістері

"Тәтті жегіңіз келсе, қыз болады". Бала жынысын анықтаудың халықтық әдістері
Фото: ru.freepik.com

Қазір тәжірибелі генетик диагностикалық зерттеу көмегімен бала жынысын оңай анықтап береді. Бірақ бұрын олай мүмкін емес болатын. Сондықтан бұрын баланың жынысын болашақ ананың сырт келбетіне және әрекетіне қарап болжайтын. Ендеше, солардың халық арасында кең тараған түрлерін ұсынамыз.

Жүкті әйел әдеміленіп кетсе, ұл болады. Ал егер болашақ ананың бетіне дақтар мен безеулер шығып кетсе, қыз болады.

Егер тәтті және ұнды өнімдер жегіңіз келсе, қыз күтіңіз. Егер тұзды және етті тағамдар жегіңіз келе берсе, ұл күтіңіз.

Токсикоз қатты мазаласа, ол қыз дүниеге келетінін білдіреді. Ұлдар анасын токсикозбен қинамайды.

Ішіңіз дөңгелек болса, қыз болады. Ал егер ішіңіз сопақ және үшкірлеу болса, ұл болады.

Жамбас көлемі үлкейіп кетсе, қыз дүниеге келеді. Егер жүкті әйел дене сымбаттылығын сақтап қалса, ұл болады.

Егер болашақ ана ашуланшақ және қырсық болып кетсе, қыз болады. Егер әйелдің мінезі өзгермесе, ұл болады.

А. Жапатова