Жұмыс берушіге әңгімелесу кезінде қою керек сұрақтар

Жұмыс берушіге әңгімелесу кезінде қою керек сұрақтар
Фото: envato.com

Жұмыс берушімен кездесіп, тілдесу кезінде сіз де сұрақ қоюға құқылысыз. Бүгін жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде қою керек сұрақтар тізімін ұсынамыз.

Сіздің артық сұрағыңыз жоқ па?
Сұрақ қоймастан бұрын әңгімелесушіден сізге артық сұрағы бар не жоғын сұрап алыңыз. "Иә, менің бірнеше сұрағым бар. Бірақ алдымен сіздің барлық сұрағыңызға толық жауап бергеніме сенімді болсам деймін". Егер: "Жоқ, артық сұрағым жоқ" десе, демек дұрыс жолдасыз. Ал "Мына жұмысыңыз туралы толық айта аласыз ба?.." десе, демек сіздің екінші мүмкіндігіңіз бар. 

Компанияның міндеттері мен қағидаларын толық айта аласыз ба? 
Бұл сұрақтар компания философиясын толықтай ашық түседі және сіз бен компания қағидалары үйлесе ме, соны түсінесіз. 

Өзіңіздің бәсекелестеріңіз туралы толық айта аласыз ба? Олардан қандай артықшылықтарыңыз бар?
Бұл сұрақ компанияның нарықтағы орнын айқындауға және  сыни тұрғыдан ойлануға септігін тигізеді.

Сізге бұл компаниядағы қызмет несімен ұнайды?
Бұл сұрақ сұхбат алушыға жақындауға мүмкіндік береді. Өйткені ол барлық адамдар сияқты өзі туралы айтуды ұнататын шығар. Сондай -ақ, жауап сізге компанияға ішкі жағынан қарауға мүмкіндік береді.

Командаңыздың кәсіби өсуіне қалай көмектесесіз?
Бұл сұрақ сіздің компаниямен бірге өсу үшін көп жұмыс жасауға дайын екеніңізді және басқа адамға ұзақ мерзімді серіктестікке қызығушылық танытатындығыңызды көрсетеді. Сіз біліктілікті арттырудың мүмкін болатын бағдарламалары туралы білетін боласыз.

Келесі алты ай ішінде осы лауазымдағы қызметкердің алдында тұрған 3 маңызды міндет қандай?
Әр жұмыс орнын таңдарда қызметкермен компанияның арасындағы байланыстың қалай өрбитіні және олардың қолдауына сенімді болу шарт. Жұмыс берушінің командалық жұмыстағы көрсеткіштері туралы неғұрлым көп білсеңіз,  өзіңіз де лауазымға қаншалықты лайықты екеніңізді түсінесіз. 

Сіз менің жұмысқа қабылданғаным туралы шешім қашан хабарлайсыздар?  
Бұл сіздің лауазымға және компания мәдениетіне көзқарасыңызды анықтағаннан кейін сіздің сұхбатыңыздың соңғы мақсаты болуы керек.

Т. Есқали