Әйгілі логотиптер және олардың мағынасы

Әйгілі логотиптер және олардың мағынасы

Кез келген компания үшін логотип – маңызды элементтің бірі. Өйткені келешекте сол арқылы халық бірден таниды. Дизайнерлер дұрыс логотип таңдау компанияны нарыққа енгізу барысында жетістікке бастайтын ең алғашқы қадам екенін алға тартады. Бүгін назарларыңызға әйгілі брендтердің логотипі мен олардың мағынасын ұсынамыз. 

Hyundai

Оңтүстік Кореяның автокөлік компаниясының логотипі қол алысып, амандасып тұрған екі адамды білдіреді. Бұл Hyundai компаниясының өкілдері мен келісімге келген сатып алушының символы.  

Baskin Robbins

B және R әріптерінің ерекше түсті аймағы 31 санын көрсетеді. Компанияда балмұздақтың 31 түрлі дәмі бар. 

Starbucks

Кофесі арқылы танымал дәмхана желісінің логотипінде орналасқан ұзын шашты бойжеткен – норвегиялық аңыз кейіпкері сирена. Бұл арқылы кофейняның туған жері Сиэтл қаласына сілтеме берген.  

FedEx

Егер анықтап қарасаңыз, E және X әріптерінің ортасынан бағыт белгісін көруге болады. Бұл  FedEx компаниясының екі негізгі ерекшілігін көрсетеді: жылдамдық пен дәлдік.

Toblerone

Шетелдегі саяхаттан оралған адам міндетті түрде қолына ұстап келетін дәмді шоколад Швейцарияның Берн қаласында өндіріледі. Бернді аюлар қаласы деп те атайды. Логотиптегі атау әріптерінен Bern сөзін құрастырып алуға болады. Сонымен қатар, тауда аюдың бейнесін де көре аласыз. 

Amazon

Қызғылт сары бағыт белгісінің күлімдеп тұрғаны онлайн сату орталығының басты мақсатын көрсетеді: тұтынушының риза болып қалуы маңызды.  Сонымен қатар олар латын әліпбиіндегі бірінші және соңғы әріпті байланыстырған. Бұл арқылы платформада барлық тауар барын жеткізуге тырысқан.  

Toyota

Жапониялық автокөлік маркасы Toyota сөзін бір белгіге сыйдырған.  

Beats

Құлаққап компаниясының логотипі қарапайым: шеңбер – адамның басы болса, b әрпі – құлаққап.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар