Сіздің құқығыңыз: сауда орталығындағы келеңсіз жайттар

Сіздің құқығыңыз: сауда орталығындағы келеңсіз жайттар
Фото: freepik.com

Сауда орталғында ойламаған жерден келеңсіз жағдайға тап болғанда өз құқығыңызды білген артық етпейді.

Егер күзетші сіздің заттарыңызды тексерсе:
Сауда үйлеріндегі күзетшілер құқық қорғау орындарының қызметкерлері емес. Олардың сіздің сөмкеңізді ашып, тексеруге мүлде құқығы жоқ. Сондықтан, сіз полиция қызметкерінің келгенін күтуіңіз керек. Егер іс қозғалса, тіңту жұмыстары тек арнайы хаттама толтырылғаннан кейін ғана жүреді. 

Егер тауарды бүлдіріп алсаңыз:
Сіз тауарға ақша төлемейінше, ол дүкенге тиесілі. Қызметкерлер тауарларды белгілі бір нормаларға сәйкес орналастыруы шартты. Сөрелер арасы 1,4 метрден төмен болмауы керек. Сондықтан, қызметкерлер дүкен орталығына бөтелкелерден пирамида жасау арқылы немесе еденді дымқыл күйінде қалдыру арқылы өз бастарын тәуекелге тігеді. Сізден бүлінген тауарға ақшаны сіз әдейі істегенде ғана талап ете алады және оған нақты дәлел болуы шарт. 

Егер сөмкеңізді сақтау камерасында қалдыруды талап етсе:
Заң бойынша, дүкендердің сауда аймақтарын жеке затсыз аралауға талап қоя алмайды. Оның үстіне, сіз сөмкеңізді сақтау камерасында қалдырмаған жағдайда дүкенге кіруге тыйым салса, онда дүкендікі заңсыз. Күзетшіге оның әрекеті заңсыз екенін түсіндіріңіз. Егер түсінісе алмасаңыздар, сауда орталығының менеджерін шақырыңыз.

Сапасыз тауар сатып алсаңыз:
Үйге тауарды алып келісімен чекті лақтырмағаныңыз жөн. Егер сыртқы орамасын ашып, тауардың бұзылғанын не жарамдылық мерзімі өткенін көрсеңіз, оны ауыстыруға не ақшаңызды қайтаруға құқығыңыз бар. Егер пайдаланғаннан кейін сапасыз екенін білсееңіз, яғни уланып қалсаңыз онда заң бойынша олар тек ақщаны қайтарып қана қоймай, емделуге жұмсалған шығынды төлеуге міндетті. 

Егер жарамдылық мерзімі өткен тауарды көрсеңіз:
Бірден сатушы не бөлім басшысын шақырыңыз. Олардың міндетіне тауарды жаңарту кіреді. Дегенмен, кейде кездейсоқ қалып қоюы мүмкін. Соған қарамастан, сіздің көзіңіше ауыстыруды талап етіңіз. Егер сіздің сөзіңіз елеңбей, қызметкерлер сізден қаша бастаса, суретке түсіріп, арыздар кітапшасына жазыңыз. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдарына хабар бергеніңіз жөн. 

Үсті-үстіне жабысқан баға белгілері:
Кейде қызметкерлердің салғырттығының кесірінен артық шығындалғанымызды ұғамыз. Егер бір-бірінің үстіне жабысқан не екі баға парағын көрсеңіз, тұтынушы ретінде олардың нақты ақпарат талап ете аласыз. Егер баға парағында басқа баға жазылып, сізге өзге бағамен сатылса да сіз көрсетілген баға бойынша сатып алуға құқығыңыз бар. Өйткені, баға белгісіне жазылған сандар арқылы олар тұтынушыға арнайы ұсыныс жасайды. Сондықтан олар нақты ақпарат беруге және көрсетілген баға бойынша сатуы тиіс. Егер ешкім құлақ аспаса, баға белгісі мен чекті суретке түсіріп, тұтынушы құқығын қорғайтын ұйымдарға хабар беріңіз. Олар міндетті түрде дүкенге айыппұл салады.

Кассада ірі ақшаны қабылдаудан бас тартса:
Егер сізден қайтарымсыз ақша беруді сұрап не ірі ақшаны ұсақтап келуді сұраса, есіңізде болсын, бұл заңсыздық. Іздеймін деп шешсеңіз, бұл сіздің қалауыңыз. Бірақ, осы себептен сізге қызмет көрсетуден бас тартуға дұкен қызметкерінің қақысы жоқ. Оларды ұсақ ақшамен қамтамасыз ету дүкен директорының міндетіне кіреді. Сондықтан, кассадағы жағдай үшін бірден директорға шағым айтсаңыз болады. 

Балалар арбасымен кіргізбесе:
Қоғамдық инфрақұрылымның кез келген мекемесі (дүкен, транспорт) сізге балалар арбасын қолдануға тыйым сала алмайды. Егер күзетші рұқсат бермесе, сіз одан арбаны алмастыратын альтернативті транпортты әрі оның тазалығын дәлелдейтін құжатты талап ете аласыз. 


Т. Есқали