Іздеу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 289-VІ ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 65-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің және жер учаскесiнде орналасқан басқа да объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге;";

      2) 127-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуге тиіс.";

      2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге жатқызылған жер учаскелерi жер учаскелерінің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды.";

      "Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      295-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Тарихи-мәдени мұра объектісінде археологиялық" деген сөздер "Археологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126,131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 145-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу";

      2) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын:

      1) қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзушылықтар;

      2) монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;

      3) тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту;

      4) аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізбеу;

      5) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу;

      6) тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзушылықтар;

      7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзушылықтар түрінде жасалған бұзу –

      жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      3) 804-баптың бірінші бөлігінің 50) тармақшасы "134," деген цифрлардан кейін "145," деген цифрлармен толықтырылсын.

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      138-баптың 89) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында;".

      5. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      554-баптың 4-тармағы 1.50-жолының 2-графасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру".

      6. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      25-5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I; № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124,125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      27-баптың 1-тармағының 18-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;".

      8. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 21-баптың 4-1) тармақшасындағы "ережелерін бекіту;" деген сөздер "қағидаларын бекіту кіреді." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 22-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін қорғаудың және күтіп-ұстаудың аумақтық қағидаларын белгілеу кіреді.";

      3) 24-баптың 1-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлiк коммуникацияларды, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау және күтiп-ұстау қағидаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      4) 25-бапта:

      1-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      5) 40-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;";

      6) 48-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "тарихи-мәдени мұра объектiлерi мәртебесi" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткіштері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 63-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеуге немесе ғимараттар мен құрылысжайларды реставрациялауға;".

      9. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 7, 36-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау

      1. Мемлекет мәдениет ұйымдарының балет әртістерін балет әртісі лауазымындағы бір жұмыс орнынан соңғы үш жылдағы балет әртісінің орташа айлық жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.

      Ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерден "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

      2. Кемінде жиырма жыл кәсіптік еңбек қызмет өтілі болған кезде, балет әртісі ретінде кәсіптік қызметін тоқтатқан мәдениет ұйымдары балет әртістерінің ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді алуға құқығы бар.

      "Балет әртісі" біліктілігі берілген тиісті хореографиялық білімі бар, лауазымдық міндеттеріне хореографиялық партияларды орындау кіретін және кәсіби ұжымдарда, опера және балет театрларында, музыкалық және музыкалық-драмалық театрлар мен концерттік ұйымдарда штаттық кестеге сәйкес "балет әртісі" лауазымын атқаратын әртіс балет әртісі болып табылады.

      3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді жүзеге асыру тоқтатылады.

      4. Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".

      10. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Көмбеге мемлекеттік меншік құқығына ие болу

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінен немесе өзге де жылжымайтын мүліктен табылған көмбе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 247-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет пен көмбені тапқан адамның арасындағы шартпен өзгеше белгіленбегендіктен, олардың меншігіне тең үлеспен түседі.

      2. Мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбенің табылуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасымен реттеледі.";

      2) 33-бапта:

      3-тармақта:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтардағы "ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйі мен күтіп ұстау" деген сөздер "ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 82-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тарих және мәдениет ескерткіштері;".

      11. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 28-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;";

      2) 1-қосымшадағы тақырып пен 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау

2.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия 

1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
2. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру.

Иеліктен шығарылмайтын;1-сынып

      ";

      3) 3-қосымшаның 50-тармағы алып тасталсын.

      12. "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 15, 45-құжат):

      9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Фильмдердің жас сыныптамасы осы Заңның және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ