Іздеу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы № 366-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
      1) 44-бапта:
      5-1-тармақтағы «(немесе шағын ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына)» деген сөздер «(немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын:
      «5-3. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.
      Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.»;
      2) 44-1-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы «және инженерлiк желiлерге косылуға қойылатын техникалық талаптарды» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтың жетінші бөлігіндегі «мен инженерлiк желiлерге косылуға қойылатын техникалық талаптар» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақта:
      екінші бөліктегі «және инженерлiк желiлер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптар» деген сөздер алып тасталсын;
      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң бекітілген бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.»;
      3) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес құрылыс салу мақсаты үшін бұрын жеке және заңды тұлғалар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақтарда үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) салу үшiн, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шеңберінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне меншік құқығын сатып алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға;»;
      4) 49-1-баптың 6-тармағындағы «, ал қажет болған кезде инженерлiк желiлерге қосудың техникалық шарттары туралы» деген сөздер алып тасталсын;
      5) 71-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте құрылыс салу мақсаты үшін іздестіру жұмыстары мемлекеттік меншікке жататын жерлерде жобаланып отырған құрылыс объектісінің Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларына) сәйкес келген жағдайда жер учаскесіне құқық берілмей жүргізіледі.».
      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
      125-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Келiсу тәртiбi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген, құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалады.».
      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 317-1, 317-2 және 323-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау мен жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы
      317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау»;
      «323-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу»;
      2) 317-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беруі –
      ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзiмге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – »;
      3) мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-баптармен толықтырылсын:
      «317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы
      1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде:
      1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі;
      2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;
      3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;
      4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;
      5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі –
      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау
      1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау –
      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 322-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау –
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 323-1-баппен толықтырылсын:
      «323-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
      лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 684-баптың бірінші бөлігі «317 (төртінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 718-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      «317 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «318» деген санның алдынан «317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      8) 804-баптың бірінші бөлігінде:
      21) тармақша «317 (төртінші бөлiгi),» деген сөздерден кейін «317-1 (екінші бөлігі), «317-2 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 319, 392 (үшiншi бөлiгi), 462, 463, 464 (екiншi бөлiгi), 465, 467, 621 (үшiншi бөлiгi)-баптар;)».
      4. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 6-баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде әзiрленген жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту;»;
      2) 27-бапта:
      1-тармақтың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлетi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде әзiрленген жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;»;
      1-3-тармақ алып тасталсын.
      5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды» деген сөздер тиісінше «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) агломерация – бір немесе бірнеше ірі қалалар – орталықтардың айналасына орналасқан, күнделікті еңбек, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және өзге де байланыстары, сондай-ақ бір-бірімен аумақтық бірігу үрдістері бар урбандалған елді мекендердің жергілікті жүйесі;»;
      4-1) тармақшаның үшінші абзацындағы «бұрыннан бар (пайдаланылатын)» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-3) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-3) жобаны басқару – салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет;»;
      «18-2) инженер-техник жұмыскер – орташа кәсіптік немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;»;
      32) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланатын жерде жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;»;
      мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2), 35-3) және 40-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «35-1) құрылыстағы баға белгілеу – құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі;
      35-2) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылатын, сметалық-нормативтік базада олар бойынша нормалар жоқ, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері енгізген жаңа тиімді құрылыс өндірісі технологияларының тізбесі;
      35-3) құрылыстың сметалық құны – сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;»;
      «40-1) Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі – мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілердің құрылысын салуға арналған электрондық жеткізгіштердегі жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;»;
      44-2) тармақша алып тасталсын;
      49) тармақшаның екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) ұсынатын нобайларға (нобайлық жобаларға) сәйкес түсi жөнiндегi шешiм мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiледi;»;
      50) тармақша «(техникалық және авторлық қадағалау» деген сөздерден кейін «, жобаны басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 56-1), 56-2) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «56-1) сметалық нормалар – қабылданған құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстар өлшеміне белгіленген ресурстар (құрылыс жұмыскерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс уақытының жұмсалуы, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттілік) жиынтығы;
      56-2) сметалық-нормативтік база – материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалар жинағы;»;
      «61-1) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау – сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;»;
      3) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) агломерациялар аумақтары;»;
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Жер учаскелерiн пайдалану кезiнде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету
      Меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады.»;
      5) 17-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «заң актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 19-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) орталық атқарушы органдарға аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеуді тапсырады;
      3-2) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын бекітеді;
      3-3) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу қағидаларын бекітеді;»;
      5) тармақшадағы «облыстардың аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын,» деген сөздер алып тасталсын;
      7) 20-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
      1-4) аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;»;
      6-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-2) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      6-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      6-4) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      6-5) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;
      6-6) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңартып отыру;
      6-7) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      8) тармақшадағы «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-2) және 11-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-2) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
      11-3) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын әзiрлеу және бекiту;»;
      мынадай мазмұндағы 11-8) және 11-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-8) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      11-9) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;»;
      20), 23-1), 23-4) және 23-10) тармақшалар алып тасталсын;
      23-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-14) құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекiту;»;
      мынадай мазмұндағы 23-18), 23-19), 23-20), 23-21), 23-22), 23-23), 23-24), 23-25), 23-26), 23-27) және 23-28) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23-18) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      23-19) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
      23-20) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
      23-21) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
      23-22) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;
      23-23) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;
      23-24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
      23-25) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;
      23-26) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;
      23-27) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;
      23-28) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;»;
      8) 21-бапта:
      1) тармақшадағы «аумақты дамытудың өңiраралық схемаларын,» деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды сақтаудың және күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту;»;
      9) 22-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қала әкімдігі ұсынатын қаланы абаттандыру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидаларын бекiту;»;
      1-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қала мен қала маңы аймағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту кiредi.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қала мен қала маңы аймағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту кiредi.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      10) 24-бапта:
      1-тармақта:
      2-1) тармақшадағы «облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
      2-2) тармақшадағы «ведомстволық бағынысты, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын» деген сөздер «ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-3) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен күтiп-ұстау қағидаларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну;»;
      17) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-8) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 17-9) және 17-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
      17-10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      11) 25-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ведомстволық бағынысты аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң қалалық қағидаларын қалалық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну;»;
      18) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-8) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-9) және 18-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
      18-10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;»;
      1-1-тармақтың 1), 2) және 2-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2 және 3-тармақтарда:
      3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиiстi мәслихаттарға бекiтуге ұсыну;»;
      11) тармақшалардағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 26-бапта:
      13) тармақшадағы «бекiту және» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;»;
      14) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) мынадай мазмұндағы 27-4-баппен толықтырылсын:
      «27-4-бап. Инженерлік ізденістер мен жобалау құжаттамаларының нәтижелеріне қойылатын талаптар
      1. Инженерлік ізденістер нәтижелері дұрыс болуға және құрылыс объектісі параметрлерінің жобалық мәндерін және басқа жобалық сипаттамаларын, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шараларды белгілеу үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс.
      Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есептік деректер инженерлік ізденістерді орындаушы адаммен негізделуге және объектінің құрылысы мен оны пайдалану процесінде олардың мәнінің өзгеруі туралы болжамды қамтуы тиіс.
      2. Объект параметрлері жобалық мәндерінің және басқа да сипаттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шаралар осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс.
      Талаптар болмаған жағдайда, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық мәндерінің және сипаттамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалау іс-шаралары:
      1) зерттеулер нәтижелері;
      2) сертификатталған немесе сынамаланған өзге де әдістемелер тәсілдері бойынша орындалған есептер және (немесе) сынақтар;
      3) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстар және (немесе) техногендік әсерлердің туындауын, оның ішінде қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің қолайсыз ұштасуы кезінде сценарийлерді модельдеу;
      4) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің туындау тәуекелдерін бағалау секілді бір немесе бірнеше тәсілдермен негізделуге тиіс.
      Негіздеген кезде инженерлік ізденістердің нәтижелері ескерілуі тиіс.»;
      14) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесi
      1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi.
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесi:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қызметін ұйымдастыруға және өзара қарым-қатынастарын реттеуге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді:
      мемлекеттiк қала құрылысы нормативтерi мен регламенттерiн;
      объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерiн, коммуникацияларды) жобалау және салу жөнiндегi техникалық регламенттердi;
      мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау нормативтерiн;
      құрылыстағы өзге де мемлекеттiк бақылау органдарының ведомстволық нормативтерiн;
      құрылыста басшылыққа алынатын құжаттарды;
      2) техникалық регламенттердің (ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың) талаптарына сәйкес өнімдердің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттарды:
      құрылыс нормалары;
      құрылыс нормалары және қағидалары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қолдану мерзімімен қосарлас кезеңге қолданылу кезеңіне);
      технологиялық карталар;
      құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар;
      3) ерікті түрде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарды:
      жобалау және құрылыс салу жөніндегі қағидалар жинағын;
      нормативтік-техникалық оқу құралдары;
      технологиялық жобалау нормалары;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өнеркәсіп саласындағы құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын стандарттау бойынша нормативтiк құжаттарды;
      техникалық регламенттердің және құрылыс нормаларының міндетті талаптарын дамытуға және қамтамасыз етуге тәжірибемен тексерілген ережелерді белгілейтін немесе міндетті нормалармен регламенттелмеген жекелеген дербес мәселелер бойынша оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
      3. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға сәйкес қолданысқа енгiзiлген:
      1) мемлекетаралық құрылыс нормаларын;
      2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;
      3) жобалау және құрылыс жөнiндегi қағидалардың мемлекетаралық жинағын қамтиды.
      4. Мыналар:
      1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;
      2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiктерi;
      3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;
      4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;
      5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттiк нормалау объектiлерi болып табылады.
      5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттiк басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен жауаптылықта болады.
      6. Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртiбiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдардың келiсiмі бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      15) 29-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) құрылыстағы баға белгiлеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;»;
      16) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
      «29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі
      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы:
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар;
      кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдері;
      құрылыс конструкциялары мен бұйымдары;
      құрылыс материалдары;
      жұмыс жүргізу технологиялары;
      құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесінің ақпараттық жүйесін білдіреді.
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      17) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары
      1. Елдi мекендердiң аумақтарында жергiлiктi жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.
      2. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалануы, елдi мекендер аумақтары мен қала маңындағы аймақтарды жобалауы және онда құрылыс салуы жөнiндегi шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастыруға және салуға, қазіргі барларын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге), жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат беру рәсiмдерiнен өту тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаларды келiсу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
      Бұл ереже осының алдындағы қолданыстағы ережелерге жаңа талаптардың енгiзілуіне байланысты адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.»;
      18) 31-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органды» деген сөздер «өнеркәсiп қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлеттi органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 31-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:
      1) тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы;
      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).»;
      20) 32-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу үшін өтініш берген өтініш иелерінің және осы қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер болуы тиіс.
      Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берілмейді.
      2-2. Өндірушілер не өзге де тұлғалар тиісті біліктіліктерін және (немесе) өкілеттіліктерін растайтын құжаттамаларға сәйкес технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиясыз жүзеге асырады.»;
      21) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
      «32-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу
      1. Аккредиттеуге:
      жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттауды;
      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
      2. Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген аттестаттау орталықтары берілген аттестаттар туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.»;
      22) 33-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Лауазымдық мiндеттерiне бақылауды жүзеге асыру кiретiн, сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Лауазымдық мiндеттерiне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өздеріне ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларына берiледi.»;
      23) 34-1-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс.
      Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.
      8. Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
      9. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
      24) мынадай мазмұндағы 34-4-баппен толықтырылсын:
      «34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
      1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
      2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқық берілген тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.
      4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
      5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
      Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.
      Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
      6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:
      1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған;
      2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары;
      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген;
      4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген;
      5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған;
      6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған;
      7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған;
      8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы;
      9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған;
      10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
      8. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
      1) тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған объектіге еркін кіруіне;
      2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық жобалау-техникалық және орындаушылық құжаттаманы алуына;
      3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауына құқығы бар.
      9. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар:
      1) зерттеп-қарауды құрылыс материалдарының тіреуіштік қабілетінің есебі бойынша нормативтерді, нақты сапалық көрсеткіштерін және орындалған жобалық шешімдерді ескере отырып, анықталған ақауларды, жобалық шешімдердің өзгерістерін, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін айқындайтын қолданылған материалды, жекелеген конструктивтік элементтерді ескере отырып нормативтік құжаттамаларға, ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
      2) орындалатын зерттеп-қараудың түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмысты сапалы орындауды қамтамасыз етуге;
      3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (өзінің аккредиттелген зертханасы жоқ болған кезде) тартуға;
      4) белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келетін сынақ, өлшем және бақылау құралдарын қолдануға;
      5) құрылыс алаңындағы топырақ жағдайларын ескере отырып ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен элементтерінің нақты жай-күйінің негізінде салыстырып тексеру есептеулерін орындауға міндетті.
      10. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде, зерттеп-қарауды жүргізуді орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданылатын техника қауіпсіздігінің арнайы қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс.
      11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына жауапты болады. Сарапшылар (аккредиттелген ұйымдар) берген ұсынымдар олардың орындалу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.
      12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық тұжырымдары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
      13. Тапсырыс беруші техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін сарапшыға (сарапшыларға) ұсынылатын бастапқы деректердің, мұрағат материалдарының дұрыстығына жауапты болады.
      14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
      25) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөнiндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.
      Объектілер мониторингі Мемлекеттік қала құрылысының кадастрында жүргізіледі.»;
      26) 42-баптың 2-тармағында:
      2) тармақшадағы «өндірістік,» деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «шектеу түрлерін;» деген сөздер «шектеу түрлерін қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
      27) 43-бапта:
      тақырыбындағы «аймақаралық» деген сөз «өңіраралық» деген сөзбен ауыстырылып, 1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), агломерациялардың, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және:»;
      3) тармақшадағы «өндірістік,» деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «қорғау жөніндегі шараларды;» деген сөздер «қорғау жөніндегі шараларды айқындайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аумақты дамытудың өңіраралық схемасын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.»;
      28) 44-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жекелеген өңірлердің (облыстың немесе осы облыстың шекарасынан аумақтық тұрғыдан шықпайтын агломерациялар аумақтарын қоса алғанда, оның қандай да бiр бөлiгiнiң) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, жайғастыру, құрылыс салу) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасы негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
      29) 46-баптың 3-тармағындағы «Аса ірі, ірі» деген сөздер «Ірі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      30) 47-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Елдi мекеннiң бас жоспары жаңа бас жоспар бекiтiлгенге дейiн не қолданылып жүрген бас жоспарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде енгiзiлген өзгерiстер бекiтiлгенге дейiн қолданылады.»;
      31) 48-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      32) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Елдi мекеннiң шекарасы (шектерi) шегiндегi ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар ауыл шаруашылығын жүргiзуге арналады және елдi мекеннiң бекiтiлген бас жоспарына сәйкес оларды пайдалану түрлерi өзгерген кезге дейiн пайдаланылуы мүмкiн.»;
      33) 60-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының талаптарымен және сатылары бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
      34) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
      «60-1-бап. Құрылыстағы баға белгілеу
      1. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар:
      1) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен объектілер құрылысын салуға арналған шығындарды жоспарлауды;
      2) техникалық-экономикалық негіздемелердің дұрыстығын және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен салынатын объектілер құрылысының сметалық құнының айқындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар:
      1) экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып қолданыстағы сметалық нормаларды талдауды және жаңартуды;
      2) құрылыс өндірісінің жаңа тиімді технологияларының сметалық нормаларын әзірлеуді;
      3) құрылыс материалдарының, бұйымдардың, жабдықтың ағымдағы бағаларын мониторингтеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңартуды қамтиды.»;
      35) 61-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қала құрылысы жобалары жөніндегі сараптама комиссиялары немесе мәслихаттар бекітетін қала құрылысы жобалары жөніндегі сараптама топтары орындайтын жұмыстардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалады.
      4. Қала құрылысы жобалары (аумақтарды дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары):
      1) жалпымемлекеттік маңызы бар аумақтарды ұйымдастыру және дамытуды жоспарлау жобалары;
      2) өңірлік маңызы бар аумақтарды дамытудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;
      3) қалаларды (олардың қала маңындағы аумақтарын қоса алғанда не оларсыз) және ауылдық елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;
      4) елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендердің немесе жабық түрдегі өзге де объектілердің құрылысын салу үшін қонысаралық аумақтардың қала құрылысын игеру жобалары болып бөлінеді.
      5. Жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларына:
      1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
      2) екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарын аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары жатады.
      6. Өңірлік маңызы бар қала құрылысын жоспарлаудың жобаларына:
      1) облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;
      2) аудандар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары жатады.
      7. Елді мекендерді дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына:
      1) тұрғындарының есептік саны жүз мың адамнан асатын қалалардың бас жоспарлары;
      2) тұрғындарының саны жүз мың адамға дейінгі қалалардың бас жоспарлары;
      3) тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендердің бас жоспарлары;
      4) тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары – даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы);
      5) техникалық-экономикалық негіздемелердің құрамындағы ахуалдық жоспарларды және бас жоспарларды немесе ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қоспағанда, қалалардың аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысы игеруінің жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобалары және қолданыстағы бас жоспардың туындысы болатын құрылыс салу жоспарлары) жатады.»;
      36) 62-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      37) 64-1-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешендi қала құрылысы сараптамасын сараптама комиссиялары немесе сараптама топтары жүргiзедi, олардың құрамына жобалардың тиiстi бөлiмдерi (бөлiктерi) бойынша аттестатталған сарапшылар кiредi. Бұл ретте кешенді қала құрылысы сараптамасына кеңесшілер ретінде жобалау ұйымдарының, мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының мамандары тартылуы мүмкін.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «жобалау-сметалық құжаттама жатады.» деген сөздер «жобалау-сметалық құжаттама;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы баптың 4-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      38) 64-2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржыландыру көзiне қарамастан, мемлекеттiк сараптама ұйымы салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.
      3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді.
      Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.»;
      39) 64-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк монополияға:
      1) бюджет қаражаты есебiнен немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектiлердi салу немесе қазіргі барларын өзгерту;
      2) мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын ықтимал қауiптi жаңа өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi, олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiктiк коммуникацияларын салу немесе қазіргі барларын өзгерту үшiн құрылыс салу жобаларына (техникалық-экономикалық негiздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.»;
      40) 64-5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
      41) 65-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылысын, оның ішінде бірегей объектілердің құрылысын және ірі инвестициялық жобалардың құрылысын салу үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісі (инвесторы) жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік ұйымдарды тарта алады.
      Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
      42) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «68-бап. Құрылыс процесiне қойылатын негiзгi талаптар
      1. Құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде осы бапта белгiленген рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс.
      2. Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмдi алуға мiндеттi. Бұл қағидаға тапсырыс берушіге меншiк құқығымен тиесiлi жеке үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерiне уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсы және абаттандыру элементтерiн, сондай-ақ тапсырыс беруші жер пайдалану құқығымен пайдаланатын учаскелерде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар салу қосылмайды.
      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құқық (жер пайдалану не жеке меншік құқығы) берілген жерлерде ғана жол беріледі.
      3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығы мұқтаждары, қосалқы орман пайдалану үшiн орман ресурстары өзiне ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде, сондай-ақ туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи резерваттардың ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген учаскелерiнде объектiлер салуды жүзеге асыру ниетi бар тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының орман заңнамасына және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жер учаскесiн құрылыс салу үшiн пайдалануға рұқсат алады.
      4. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмiнiң қабылданған күнінен бастап құрылыс басталғанға дейiнгi қолданылу мерзiмi жобалаудың және белгiленген тәртiппен жобаны бекiтудiң нормативтiк ұзақтығы ескерiле отырып Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiленедi және рұқсат құжатында көрсетiледi.
      5. Жерге тиiстi құқық беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiш берiлген кезден бастап он күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырыс берушіге) оның сол құрылысты жүзеге асыру ниетiне қайшы келетiн Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға мiндеттi.
      6. Жерге тиiстi құқық беру туралы аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты тапсырыс берушінің белгiленген объектiнi жобалауға тапсырмасын жасау үшiн негiз болып табылады.
      Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекiтедi.
      Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Жобалауға арналған тапсырма объектiнiң талап етiлетiн параметрлерiн, өзге де бастапқы деректердi қамтуға тиiс.
      7. Көзделiп отырған құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен объектiнiң құрылысы және кейiннен пайдалануға берiлгенде оның орнықты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есептемелiк) параметрлерiнде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ұсынады.
      Берілген техникалық шарттар тұтынушының жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы олардың қолданыстағы мерзімі ішінде жаңа техникалық шарттарға өзгертілуі мүмкін.
      8. Құрылыс объектiсiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлердiң техникалық шарттар берілген кезде инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) тапсырыс берушінің қатысуы (үлестiк қатысуы) туралы негiзсiз талаптар белгiлеуiне жол берiлмейдi.
      Белгiлi бiр елдi мекен немесе құрылыс ауданының инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылымын қамтамасыз етудiң сол кездегi деңгейi тапсырыс беруші сұратқан параметрлерде қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бермеген жағдайда, қосылатын абоненттердiң қосымша жүктемелерiн жабуға арналған инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар туралы мәселелер жеткiзiп берушiлер (өндiрушiлер) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) арасында шарт және қайтарымдылық негiздерiнде шешiлуге тиiс.
      9. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жерге тиiстi құқық беру туралы шешiм, инженерлiк қамтамасыз ету және коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосу үшін техникалық шарттарды жобалаудың бекiтiлген тапсырмасы және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негiзiнде тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi.
      10. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн қажеттi бастапқы материалдардың құрамы мен көлемi мемлекеттiк нормативтiк құжаттармен белгiленедi.
      Жаңа объект салу немесе қазіргі бар объектiнi реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтiру) үшiн жер учаскесiн бөлiп беру (телiм беру) талап етiлмейтiн жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу қажет болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиiстi жазба жасалады.
      11. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтедi.
      Құжаттамаға сараптама осы Заңның 9-1-тарауында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
      12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.
      Бұл ретте жобалаушы техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi энергиямен жабдықтау желiлерiне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң басталғаны туралы хабар беруге құқылы.
      13. Құрылыс процесi осы Заңның 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауында және қадағалауында болады.
      14. Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс.
      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркейтiн мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
      15. Жаңа объектiлер салуға және қазiргi бар объектiлердi өзгертуге қажеттi құжаттарды ресiмдеу мен берудiң тәртiбi, мерзiмдерi құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгiленедi.»;
      43) 74-бапта:
      1-тармақтың 8) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқылы» деген сөздер «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше қабылдауды, атап айтқанда:»;
      4-тармақтағы «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті тіркеуге жатады.».
      6. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 8-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 9-бапта:
      11) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) 19-3) 19-4) және 19-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;
      19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;
      19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
      19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
      19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;»;
      3) 12-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді.
      Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды.
      Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы:
      уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы;
      мердігер ұйымды таңдау туралы;
      астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды.
      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады.
      Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
      Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
      Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
      Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады.
      5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға:
      1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
      2) мыналармен:
      кондоминиум объектісін басқару органымен;
      мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
      3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.».
      7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
      134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) экономика, құрылыстағы баға белгілеу және басқару саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;».
      8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) 73-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      2) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «78-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу
      1. Екi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
      Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
      2. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы жобалау құжаттамасын келiсу үшiн:
      1) жобалау құжаттамасын келiсуге жiберу туралы өтiнiштi;
      2) жобалау құжаттамасының көшiрмесiн ұсынады.
      Келiсу тәртiбi қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазіргі барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларында айқындалады.
      3. Келiсу туралы оң шешiм немесе оны келiсуден уәждi бас тарту Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті жиынтық сараптамалық қорытындыға енгізіледі.
      4. Жобалау құжаттамасына өзгерiстер енгiзiлген кезде қайтадан келiсу жүргiзу мiндеттi.».
      9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
      2-қосымша мынадай мазмұндағы 347-1, 347-2 және 347-3-жолдармен толықтырылсын:
      «

347-1.

Құрылыс және жобалау ұйымдарындағы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу

Аккредиттеу туралы куәлік

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл;
конкурстық рәсім қолдануға келеді

347-2.

Тапсырыс беруші функцияларын жүзеге асыру және құрылыс объектілерін өткізу үшін құрылыс жобаларын басқару жөніндегі инжинирингтік компанияларды аккредиттеу

Аккредиттеу туралы куәлік

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл;
конкурстық рәсім қолдануға келеді

347-3.

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу

Аккредиттеу туралы куәлік

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл;
конкурстық рәсім қолдануға келеді

                                                                 ».

      10. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды түбегейлi жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      1-баптың 38-тармағының 24) және 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар
      1. Салынған объектiлердi қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және осы Заңмен реттеледi.
      2. Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.
      Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
      Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.
      3. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      4. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi.
      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекiтiлуге жатады.
      Қабылдау актiсiн бекiтудi тапсырыс берушi жүргiзедi.
      Тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекiткен күн объектiнiң пайдалануға берiлген күнi деп есептеледi.
      5. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
      Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      6. Объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылардың мiндеттерiне:
      1) құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын анықтау және құжаттамалық растау;
      2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;
      3) жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;
      4) объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;
      5) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;
      6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;
      7) объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.
      7. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.
      8. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнде тiркелген, объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.»;
      «26) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi
      1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.
      2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
      3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.
      Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.
      Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.
      4. Тапсырыс берушi сәйкестiк туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылардың негiзiнде мердiгермен (бас мердiгермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бiрлесiп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектiнi қарап-тексеруге және оны тиiстi акт бойынша пайдалануға қабылдауға мiндеттi.
      5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
      Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну – жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.».
      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3)6) тармақшаларын7) тармақшасының төртінші абзацын және 8) тармақшасын, 5-тармағы 7) тармақшасының жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының он екінші абзацын, 11) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 21)23) және 24) тармақшаларын9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев