Іздеу

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 жылғы 6 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Жалпы және Ерекше бөлiмдер)" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 991-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өнертабысқа құқықтар - инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.";

      5-тармақтағы "Алдын ала" деген сөздер "Инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 992-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "патентпен" деген сөз "инновациялық патентпен немесе патентпен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 993-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi "алдын ала", "алдын ала берiлетiн" деген сөздер тиiсiнше "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 994-баптың 2-тармағындағы "патентке" деген сөз "қорғау құжатына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 996-баптағы "алдын ала берiлетiн" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 998-бапта:
      тақырыптағы "Алдын ала" деген сөздер "Инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi орган берген өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент қолданылады.";

      3-тармақта:
      "алдын ала" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "және өнеркәсiптiк үлгiге арналған" деген сөздер алып тасталсын;

      "пайдалы модельге" деген сөздерден кейiн "және өнеркәсiптiк үлгіге" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 999-бапта:
      тақырыптағы "Алдын ала берiлетiн" деген сөздер "Инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Алдын ала берiлетiн" деген сөздер "Инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "алдын ала берiлетiн", "бес", "үш" деген сөздер тиiсiнше "инновациялық", "үш", "екi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:
      "тек патент берiлгеннен кейiн ғана" деген сөздер "инновациялық патент немесе патент берiлгеннен кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Патент беруден" деген сөздер "Патент немесе инновациялық патент беруден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 1000-баптағы "Алдын ала", "алдын ала" деген сөздер тиiсiнше "Инновациялық", "инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 1003-бапта:
      тақырыптағы "Алдын ала" деген сөздер "Инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "патенттi бұзу" деген сөздер "инновациялық патент пен патенттi бұзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 1004-баптың 2-тармағындағы "алдын ала" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат, N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар,  N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 499-1-баптың 1) тармақшасындағы "алдын ала" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 507-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы "алдын ала" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 655-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат):

      1) орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi;

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) айрықша құқық - патент иесiнiң селекциялық жетiстiктi өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;
      2) апелляциялық кеңес - уәкiлеттi органның дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi бөлiмшесi;
      3) асыл тұқымды мал - тұқым типiне, бағытына және өнiмдiлiк деңгейiне, стандартына сай келетiн шығу тегi құжатпен расталған таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнiмдiлiгi жоғары мал;
      4) асыл тұқымдық өнiм (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары;
      5) Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - өсiмдiк сорттарының патентке қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;
      6) бюллетень - селекциялық жетiстiктердi қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
      7) лицензиялық шарт - патент иесi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) селекциялық жетiстiктi белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беретiн шарт;
      8) мемлекеттiк комиссиялар - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы;
      9) отырғызылатын материал - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетiн материалды қоса алғанда, кез келген түрдегi отырғызылатын материал (тұқым, көшет, өсiмдiктер және өсiмдiктердiң оларды көбейтуге арналған бөлiктерi);
      10) өтiнiш берушi - селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға;
      11) патент иеленушi - патенттiң иесi;
      12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      13) селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын өсiмдiктiң патент берiлген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;
      14) селекциялық жетiстiк авторы (селекционер) (бұдан әрi - автор) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсiрiп шығарған жеке адам;
      15) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;
      16) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға рұқсат етiлген мемлекеттiк тiзiлiмi - пайдалануға рұқсат етiлген, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн рұқсат етiлген сортты, тұқымды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;
      17) сорт - шаруашылық және биологиялық жағынан қасиеттерi мен морфологиялық белгiлерi ұқсас, шығу тегi жағынан туыс, өз белгiлерiн тұқым қуалау арқылы келесi ұрпақтарға беретiн және белгiлi бiр ботаникалық таксондағы өсiмдiктердiң басқа топтарынан ең болмағанда бiр белгiсi бойынша ерекшеленетiн бiр дақылдың өсiмдiктер тобы. Сорттың қорғалатын санаттары: клон, желi, бiрiншi ұрпақ буданы, жеке түр болып табылады;
      18) тауарлық жануар - тауарлық өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын жануар;
      19) тұқым - белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, "өз iшiнде" ұзақ уақыт өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желi болып табылады;
      20) Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - жануарлар тұқымдарының патентке қабiлеттiлiгiне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның консультативтiк-кеңесшi органы;
      21) ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның өзi, жемiстер, дән шоғыры, күрделi жемiстердiң бөлiктерi, баданалар мен түйнектер.";

      3) 3-баптың 3-тармағы "сынақтан өткiзудi" деген сөздерден кейiн "селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы қызмет түрi ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 5-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.";

      5) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Селекциялық жетiстiктiң ұсынылған атауының дұрыстығын тексерудi мемлекеттiк комиссиялар жүзеге асырады.";

      6) 7-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Қазпатентке" деген сөз "сараптама жасау ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 1999 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының патент заңы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 718-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;
      2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
      3) зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлiк қызмет нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары;
      4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берiлген өнертабыстарға инновациялық патенттер мен патенттер, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдерге патенттер;
      5) қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi;
      6) лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
      7) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер;
      8) Париж конвенциясы - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;
      9) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
      10) патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;
      11) патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi;
      12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары.";

      2) 5-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модель мен өнеркәсiптiк үлгiге - патентпен қорғалады.
      2. Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiмге сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi.
      Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
      Инновациялық патент пен патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтiнiм берушiге дүниежүзiлiк жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.";

      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "алдын ала", "бес", "үш" деген сөздер тиiсiнше "инновациялық", "үш", "екi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесiншi бөлiк алып тасталсын;

      4-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатымен" деген сөздер "өнеркәсiптiк үлгiге патентпен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.";

      3-тармақтың 4) тармақшасы "орындау" деген сөзден кейiн ", ойындарды жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 13-баптың 2-тармағындағы "өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы" деген сөздер "өнертабысқа инновациялық патент, патент, өнеркәсiптiк үлгiге патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн үшiншi тұлғалардың өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс.";

      6) 17-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзацтағы "өтiнiмге" деген сөз "өтiнiмде мынадай құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      екiншi бөлiктегi "өтiнiм беруге" деген сөздерден кейiн ", сонымен бiрге ресми сараптама жүргiзуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген өтiнiм құжаттары түскен күн бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi.";

      4-тармақтағы "өтiнiмдердi жасау мен ресiмдеуге" деген сөздер "өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 18-бапта:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "қорғау құжатын" деген сөздер "патент" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасындағы "қорғау құжаты", "қорғау құжатын" деген сөздер "патент" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "қорғау құжатын" деген сөздер "патент" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "жасау мен ресiмдеу талаптарын" деген сөздер "жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 19-бапта:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "қорғау құжатын" деген сөздер "патент" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      1) тармақшадағы "қорғау құжаты", "қорғау құжатын" деген сөздер "патент" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақша алып тасталсын;

      4-тармақтағы "жасау мен ресiмдеу талаптарын" деген сөздер "жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 21-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына осы өтiнiм бойынша тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн мәлiмделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгiзуге құқығы бар.
      Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда төлем алынбайды.";

      2-тармақтағы "уәкiлеттi орган қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылдаған күнге дейiн жасалына алады" деген сөздер "тиiстi төлем төленген жағдайда өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 22-бапта:
      тақырыптағы "Өнертабысқа" деген сөзден кейiн "патент беруге" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi; өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Өнертабысқа патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргiзедi.
      Ресми сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн өтiнiм берушiге оның нәтижесi туралы хабарланады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
      Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және осы Заңның 6-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
      Мәнi бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгендiгiн растайтын құжатты берген жағдайда жүргiзiледi.
      Мәнi бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.";

      10-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы мына жағдайларда:
      1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
      2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе берiледi.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтiнiшхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 22-1-бабына сәйкес жүргiзiледi.";

      13-тармақтағы "5-10" деген цифрлар "4, 7, 8, 10" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге
                 арналған өтiнiмге сараптама

      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.
      Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргiзедi, оның процесiнде осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi, оларға қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бiрлiгi талабының сақталуы тексерiледi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс ретiнде қорғалатын   oбъектiге жататындығы туралы мәселе қаралады, сондай-ақ басымдық күнi белгiленедi және мәлiмделген шешiмнiң Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде берiлген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтiнiмдерге, қаралатын өтiнiмнiң басымдық күнiне дейiн сараптама жасау ұйымына берiлген басқа өтiнiм берушiлердiң керi қайтарып алынбаған өтiнiмдерiне қатысты жергiлiктi жаңалығына тексеру, сондай-ақ өнеркәсiпте қолданылымдығына тексеру жүргiзiледi.
      2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар ұсынған болса, сараптама процесiнде олардың мәлiмделген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.
      Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгiзiлуге тиiс және өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және өтiнiм берушi оны дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.
      3. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады.
      Егер, өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
      4. Өнертабыс бiрлiгi талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өнертабыстың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайда, өтiнiм құжаттарына нақтылаулар енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Бөлектелген өтiнiмдердiң басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.
      Егер өтiнiм берушi өзiне өнертабыс бiрлiгi талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген объектiнi, сондай-ақ онымен өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратындай байланыстағы басқа да өнертабыстарды қарау жүргізіледі.
      5. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң өнертабыстар ретiнде қорғалатын oбъектiлерге жататыны, құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталса және өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалық және өнеркәсiптiк қолданымдылық шартына жауап беретiн ұсынысты сипаттайтын болса, өтiнiм берушiмен келiсiлген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.
      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.
      6. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке терiс қорытындысы:
      1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiге қатысты;
      2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеген;
      3) егер өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалыққа және өнеркәсiптiк қолданылымдық шартына жауап бермейтiн ұсынысты қамтыған жағдайларда берiледi.
      Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап алты ай мерзiмде оған қарсылығын уәкiлеттi органға бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс.
      7. Өтiнiм берушi өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiншi тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн айқындау үшiн ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiшхат бере алады, өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiн бағалау онымен салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн. Сараптама жасау ұйымы осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын oбъектiлерге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзбейдi, бұл туралы ақпараттық iздестiру туралы өтiнiшхат берушi адам хабарланады.
      8. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында берiлген немесе үшiншi тұлғалардың инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн берiлген өтiнiш хаты бойынша, бiрақ осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттiң қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайда өтiнiм берiлген күннен бастап үш жылдан кешiктiрмей өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша сараптама өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға тиiстi ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтiнiш хатты өтiнiм берушi жасаған болса, инновациялық патенттiң күшiнде болуын қолдау кезiнде жүзеге асырылады.
      Мәнi бойынша сараптама осы Заңның 22-бабының 7-10 және 13-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.";

      12) 23-бапта:
      тақырыптағы "модель өтiнiмiне" деген сөздер "модельгe патент беруге арналған өтiнiмге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларында көзделген құжаттардың бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi. Егер өтiнiм осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.
      Сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажеттi құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң басымдық күнi, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледі.";

      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "ресми" деген сөз алып тасталсын;

      екiншi бөлiкте:
      "ресми" деген сөз алып тасталсын;

      "патентке" деген сөз "пайдалы модельге патент беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган пайдалы модельге патент беру не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.";

      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "ресми" деген сөз алып тасталсын;

      13) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама

      1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
      2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн мен басымдық күнi анықталады.
      Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресiмделген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды табыс ету ұсынылады.
      Егер өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.
      Өнеркәсiптiк үлгiге берiлген өтiнiмге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етiлген кезде олардың өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.
      Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдей алады, бұл туралы өтiнiм берушiге хабарланады.
      Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн ресми сараптаманың нәтижесi туралы өтiнiм берушiге хабарланады.
      3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
      Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсыныстың өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiге жатқызылуы мүмкiндiгiн анықтауды, көркемдiк-конструкторлық шешiм деңгейiн айқындау үшiн мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң осы Заңның 8-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк талаптарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
      Өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенi туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына табыс етiледi.
      4. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама жасау мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде елеулi белгiлердiң өзгертiлген тiзбесiн сұратуға құқылы.
      Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнi өзгертiлместен табыс етiлуге тиiс.
      Қосымша материалдарға өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұратылған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты белгiленген мерзiмде ұсынбаса, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
      5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтiнiмге мәнi бойынша жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде өтiнiм берушi сұраған көлемдегi құқықтық қорғау мәлiмделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып, өтiнiм берушiмен келiсiлген елеулi белгiлер жиынтығымен бiрге патентке оң қорытынды бередi.
      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы не патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.
      6. Мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
      Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы, егер өтiнiм өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалмайтын объектiге жататын болса және, егер өтiнiм берушi ол туралы хабарланғаннан кейiн елеулi белгiлердiң жиынтығын өзгертпеген, елеулi белгiлердiң ұсынылған жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болған немесе өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсiптiк үлгiнiң бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргiзiлмеген жағдайда да берiледi.
      7. Өтiнiм берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң сұратқан материалдарының көшiрмелерiн сұрау алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi.
      8. Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептер болған және өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiруге ақы төленгенi туралы құжат табыс етiлген жағдайда қалпына келтiруi мүмкiн.
      Өтiнiм берушi мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш хатты өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей бере алады. Мұндай өтiнiшхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бiр мезгiлде ұсынылады.";

      14) 26-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап он сегiз ай, ал өнертабысқа инновациялық патент, пайдалы модельге патент, өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама жасау ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн.";

      2-тармақ алып тасталсын.

      5. "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 776-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп танудың тәртiбiн анықтау;
      2-2) тауар шығарылған жерлердiң атауын тiркеудiң және (немесе) тауар шығарылған жерлердiң атауын пайдалануға құқық берудiң тәртiбiн анықтау;";

      2) 17-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "үш жыл" деген сөздер "бiр жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгіндегi "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Өтiнiмдердi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті