Іздеу

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қайтарып алған", "қайтарып алынғаны", "лицензиясы қайтарып алынса", "лицензияны қайтарып алған", "қайтарып алынған", "(қайтарып алынуына)", "лицензиясы қайтарып алынған" деген сөздер тиісінше "одан айырған", "одан айырылғаны", "лицензиясынан айырылса", "лицензиядан айырған", "одан айырылған", "(одан айырылуына)", "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның акционерлік инвестициялық қор етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;

      2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;

      3) басқарушы компания – уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;

      3-1) венчурлік қор – венчурлік қаржыландыру мақсаттарында ғана ақша мен өзге де мүлікті тартуды және жинақтауды жүзеге асыратын жай серіктестік немесе акционерлік қоғам немесе шаруашылық серіктестік нысанындағы заңды тұлға;

      4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның жылжымайтын мүлік қоры етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;

      5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;

      6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;

      7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;

      8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;

      9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;

      10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;

      11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;

      13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) осы Заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;

      14) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға;

      15) пайды сатып алу – осы Заңға және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес айқындалатын оның құнын пай ұстаушысына басқарушы компанияның төлеуі арқылы пайды айналымнан шығару;

      16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі;

      17) пайдың номиналды құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі;

      18) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі;

      19) сенімгерлік басқару шарты - осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт;

      20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы

      Ескерту. 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.

      4. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, шаруашылық серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы венчурлік қорларға қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

      1. Осы Заң:

      1) акционерлiк инвестициялық қорлардың құқықтық жағдайының және қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты;

      2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату процесiнде туындайтын;

      3) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерiн инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа жiберудi, сатып алуды және өтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты;

      4) венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.

      2. Осы Заң, басқарушы компанияларды және венчурлік басқарушыларды қоспағанда, қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерiмен реттелетiн өзге тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.

      3. Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұйымдарға, олардың венчурлік қорлар құру жағдайларын қоспағанда, қолданылмайды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi

      1. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:

      1) акционерлiк инвестициялық қор;

      2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.

      1-1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол екi аптада бiр реттен кем болмауға тиiс.

      3. Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.

      4. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.

      Шығарған (берген) қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтері жабық инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн және оның активтері мөлшерінің бес және одан көп пайызын құрайтын заңды тұлға осы инвестициялық қордың пай ұстаушысы болуға құқылы емес.

      Егер осы Заңда және қордың ережелерінде өзгеше көзделмесе, жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзiне тиесiлi пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.

      5. Инвестициялық декларациясында немесе ережелерiнде осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) және 9) тармақшаларында белгiленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерiн инвестициялау мүмкiндiгi көзделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады.

      6. Акционерлiк немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады. Жылжымайтын мүлiк қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.

      7. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары

      1. Акционерлік инвестициялық қор не исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын жабық пайлық инвестициялық қор ислам инвестициялық қоры болып табылады.

      2. Ислам инвестициялық қорларының ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің міндеттерін кастодиан жүзеге асырады.

      3. Ислам инвестициялық қорының инвестициялық декларациясы исламдық қаржыландыру принциптеріне сай болуға және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.

      Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары

      Ескерту. 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың атауында "акционерлiк инвестициялық қор" деген сөздер болуға тиiс.

      1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры болып әрекет ететiн акционерлiк инвестициялық қордың атауында "жылжымайтын мүлiк қоры" деген сөздер болуға тиiс.

      2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.

      3. Инвестициялық пай қорының атауында "инвестициялық пай қоры" деген сөздердiң болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.

      3-1. Ислам инвестициялық қорының атауында осы қордың ислам қоры болып табылатыны көрсетілуге тиіс.

      3-2. Венчурлік қордың атауында "венчурлік қор" деген сөздер қамтылуға тиіс.

      4. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атауларында "ұлттық", "орталық", "үкіметтік", "кепілдік берілген" немесе "сақтандырылған" деген сөздерді кез келген тілде көрсетілген немесе өзгертілген түрде пайдалануға тыйым салынады. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары инвестициялардан түсетін кірістің сақтандырылуын немесе оған кепілдік берілуін бекітпеуге немесе ұғындырмауға тиіс.

      5. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация) акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген, сондай-ақ басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған заңды тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте "инвестициялық қор" деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.

      Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған, бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты Корпорацияда қайта тіркелуге тиіс.

      Акционерлік инвестициялық қордың осы Заңда белгіленген мерзімде Корпорацияда қайта тіркеуді жүзеге асырмауы мүдделі тараптардың кез келгенінің талап қоюы бойынша, осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 , 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару

      1. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

      Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы емес.

      2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлкі акционерлік инвестициялық қордың жарғысында айқындалған арақатынасында инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке бөлінеді.

      Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруына берілуге тиіс.

      3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкіне сенімгерлік басқару шарты қолданылатын кезеңде акционерлік инвестициялық қор сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Аудитке қойылатын талаптар

      1. Акционерлік инвестициялық қорға және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.

      Акционерлік инвестициялық қордың және осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүргізеді.

      2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.

      3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясының қаржылық есептілігі туралы аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі және инвестициялық қордың инвестициялық басқаруға берілген (қабылданған) активтеріне қатысты есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор

8-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын талаптар

      1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.

      2. Осы инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан, орталық депозитарий, аудиторлық ұйым және бағалаушы акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi бола алмайды.

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2006.07.07 N 182 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын талаптар

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың:

      1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;

      2) "алтын акция" енгiзуге;

      3) еншiлес ұйымдар құруға;

      4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.

      Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорларға және жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.

      Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы.

      Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы.

      2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкін есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.

      3. Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы өзара үлестес болмауға тиіс.

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07.N 182 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы

      Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:

      1) қызметiнiң ерекше түрi оның инвестициялық декларациясының шарттарына және Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;

      2) акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерi болуға тиіс.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен жасасқан шарттарының жобалары, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация табыс етiледi.

      3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Акционерлiк инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:

      1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;

      3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.

      5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.

      6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

      7. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

12-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi.

      Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

      1) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу;

      2) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу;

      3) акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертацияланатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертациялау;

      4) акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы және акционерлiк инвестициялық қор акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде акционерлiк инвестициялық қордың орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлiк инвестициялық қор акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайларына қолданылмайды.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.

      2. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлiк инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.

      3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлiк инвестициялық қорлардың акцияларын қор биржасының сауда жүйесінде орналастыруға және айналысқа жiберуге жол берiлмейдi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Акционерлiк инвестициялық қор органдарының жұмыс iстеу ерекшелiктерi

      1. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианының, орталық депозитарийдің және аудиторлық ұйымының, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлдерi қатысуға құқылы.

      Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткiзу туралы жазбаша хабарлама қордың басқарушы компаниясына, кастодианына, орталық депозитарийіне, аудиторлық ұйымына және уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңдарында және акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында белгiленген тәртiппен жiберiледi.

      2. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерi жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерiнiң тапсырыс беру мүмкiндiгiне әкелiп соғатын шешiмi жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау акционерлік инвестициялық қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

      4. Акционерлік инвестициялық қордың бірінші құрылтай жиналысында Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген мәселелер бойынша шешімдерден басқа, кастодиан таңдау туралы шешім қабылданады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу

      1. Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлiк инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, cондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.

      2. Акционерлiк қоғам инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында, осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар мен тәртiпте сатып алуға берiлген акцияларды сатып алуға мiндеттi. Акционерлердiң акцияларды сатып алу туралы талаптар қою құқығы осы өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгеннен кейiн тоқтатылады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.

      Осы тармақта көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), жаңадан құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері) қоса беріледі.

      3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша сотқа инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.

      4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, ол соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса беріп, бұл туралы хабарлама жiбередi.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Инвестициялық пай қоры

16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы

      1. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.

      Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады.

      2. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.

      Осы Заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.

      3. Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төмен мөлшерi инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Инвестициялық пай қорын құру

      1. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды.

      Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер де қабылдайды.

      2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.

      Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс.

      3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.

      Кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе олардың нысанын өзгерту

      1. Қордың қағидаларында белгiленген талаптармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.

      2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жабық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры портфелінің инвестициялық құрылымына қатысты осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және инвестициялық қор қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

      3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қоры етіп өзгертуге жол берiлмейдi.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты

      1. Инвестор инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесiне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруына бередi.

      2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерiнде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартын көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкiн.

      3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген талаптармен бiрге инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында:

      1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртiбi;

      2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiнгi, соның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайларда мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртiбi;

      3) тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.

20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:

      1) өтiнiш;

      2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;

      3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен қор ережесi (екi дана);

      4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары (екi дана) негiзiнде жүзеге асырады.

      1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды қағаз түрінде не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.

      Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар өтініштің электрондық нысанына құжаттардың электрондық көшірмелері және электрондық құжат түрінде қоса тіркеліп беріледі.

      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қарайды.

      4. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган:

      1) инвестициялық пай қорының ережесiн;

      2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттарын келiседi.

      5. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру және олар туралы мәлiметтердi Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.

      Басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асырады.

      6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:

      1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерiстер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;

      3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы

      1. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн.

      2. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады.

      Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi.

      3. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асырады.

      Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi орталық депозитарийдің iшкi құжаттарында айқындалады.

      4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстау