Іздеу

Өсімдіктерді қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңы.

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "(улы химикаттарды)", "(улы химикаттар)", "(улы химикаттардың)" және "(улы химикаттың)" деген сөздер алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi, сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;

      2) арнаулы техника - пестицидтердi қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;

      3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;

      4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;

      4-1) биоагенттер – табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер;

      5) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;

      6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;

      7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті орган ведоствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

      8) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;

      8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;

      9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;

      10) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);

      11) пестицидтердi залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;

      12) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;

      13) пестицидтердiң бастапқы компоненттерi - пестицидтердi өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;

      14) пестицидтердiң қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады;

      15) пестицидтердi өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесi;

      15-1) пестицидтерді уақытша тіркеу – пестицидтерді уақытша мемлекеттік тіркеу;

      16) пестицидтер тізімі – Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі;

      16-1) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары – ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;

      17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17-1) тіркелуші (өтініш беруші) – пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi;

      19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;

      20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;

      21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;

      22) фитосанитариялық іс-шаралар – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді жоюды және (немесе) олардың саны мен зиян тигізуін зиян тигізудің экономикалық шегінен төмен етіп азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi

      Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:

      1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;

      3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:

      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;

      2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;

      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

      4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;

      5) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:

      1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      5) (алып тасталды)

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 № 209, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi органның құзыретiне:

      1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

      2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;

      3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;

      5) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлеу және бекіту;

      5-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

      5-2) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия беру;

      6) мынадай:

      пестицидтерді өндіру (формуляциялау);

      пестицидтерді өткізу;

      пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      8) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тiркеу куәлiктерiн беру;

      9) пестицидтер тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;

      10) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;

      12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;

      13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасау;

      15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;

      16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;

      17) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;

      18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;

      19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;

      20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;

      21) пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;

      22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      23) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      24) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындау;

      25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;

      26) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi

      1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

      Уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;

      3) фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыру;

      4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;

      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

      3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:

      1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті аумақта фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру, жүргізу және есепті ұсыну;

      4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;

      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану кіреді.

      4. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретіне:

      1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) белгіленген нысан бойынша фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды уәкілетті органның ведомствосына ұсыну;

      3) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;

      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

      5) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау кіреді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары

      1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға қатысты өзгерісті қарыңыз - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;

      2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;

      3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;

      4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар.

      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

      Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;

      4-1) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      5) мыналар:

      пестицидтерді өндіру (формуляциялау);

      пестицидтерді өткізу;

      пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар

      1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай қызмет түрлерін орындау мақсатында құрады:

      1) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер қоныстанған орындарды анықтау бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу;

      2) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының фитосанитариялық болжамын жасау және уәкілетті органның ведомствосына беру;

      3) тіркеуге ұсынылатын пестицидтерді өндірістік жағдайларда байқаудан өткізу үшін оларды тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізу;

      4) ауыл шаруашылығы өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және сараптама жасау;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс етедi.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 584, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар

      Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

12-бап. Пестицидтердi сақтау, өткізу және қолдану

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Пестицидтердi сақтау, өткізу және қолдану пестицидтердiң адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

      2. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану шарттарына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.

      3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк

      1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.

      2. Фитосанитариялық есептiлiктiң түрлерiн, нысандарын және оларды табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау

      Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік емес реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынатын тиісті лицензиясы болмаса, жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттау жөніндегі қызметіне тыйым салынады.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру

      1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес залалсыздандыруға жатады.

      2. Пестицидтердi зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.

      3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бередi.

      4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша айқындайды.

      Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-2-бап. Пестицидтердiң запасы

      1. Пестицидтердiң запасы дегенiмiз пестицидтердiң ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкілетті орган ведомствосының қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.

      2. Пестицидтердiң запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер көлемiнен қалыптастырылады.

      3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 14-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер

      1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.

      2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.

      3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.

      4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.

14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру

      1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.

      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу бағдарламалары уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.

      Ескерту. 14-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi

      Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар:

      1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге;

      2) пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;

      3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс етуге;

      4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге;

      5) пестицидтердi залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;

      6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;

      7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;

      7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

      8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.

      Ескерту. 14-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209; 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-6-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу

      1. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

      Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу үшін мәлімделген пестицидтердің химиялық құрамының, рецептурасы мен өндіру технологиясының (формуляциясының) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтердің химиялық құрамына, рецептурасы мен өндіру технологиясына (формуляциясына) сәйкес келмеуі;

      2) пестицидтерге жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;

      3) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.

      Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер тізіміне енгізеді.

      Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес:

      1) егер қажетті мақсаттағы пестицидтер болмаса, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық ахуалдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес;

      2) тәуекелі төмен биологиялық препараттар үшін екі жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге жол беріледі.

      Биологиялық препаратты уақытша тіркеу кезеңінде тіркелуші (өтініш беруші) оны мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды алдағы уақытта ұсына отырып, тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары өткізілуге тиіс.

      2. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінен айыру (оны кері қайтарып алу):

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган растаған, адамдардың денсаулығы немесе қоршаған орта үшін пестицидтің қауіптілігі туралы бұрын белгісіз болған мәліметтер алынған;

      2) пестицид Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының тізбесіне енгізілген;

      3) фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер негізінде қолданылатын тіркелген пестицидтің биологиялық тиімділігінің болмау фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.

      3. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші заты химиялық құрамы мен мөлшерінің пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады.

      Қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші затының химиялық құрамы мен мөлшері пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын он екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

      Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта бастау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған бастапқы құрамдастарды өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.

      Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуден уәжді бас тартуға негіз болып табылады.

      Ескерту. Заң 14-6-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер

      Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер:

      1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм;

      2) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер;

      3) пестицидтер, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника;

      4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау

      Ескерту. 15-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері:

      1) ақпараттық жүйелерден;

      2) фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктен;

      3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;

      4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректер мен ақпаратты және (немесе) ұйымдардан, бақылау субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан келіп түсетін мәліметтерді талдау, салыстыру жолымен жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.

      Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      4. Зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуы мен таралуының себептерін анықтау және белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:

      1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында бұрын тіркелмеген зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмнің таралуы туралы;

      2) Қазақстан Республикасымен шекаралас елдермен шекара маңындағы аумақтардың және облыстардың фитосанитариялық ахуалының нашарлауы туралы (аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстану фактілері);

      3) тиісті аумақта аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жедел фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу туралы;

      4) мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтердің, жалған пестицидтердің таралуын болғызбау мақсатында оларды өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілері туралы;

      5) тиісті аумақтан әкетілген өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтердің қалдық мөлшері болуының анықталған фактілері туралы ақпарат болған және (немесе) келіп түскен кезде қабылдайды.

      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi

      Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау:

      1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiне;

      2) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау, өткізу және қолдану кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттері талаптарының сақталуына;

      3) фитосанитарлық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiне және табыс етiлуiне;

      4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізіуге;

      5) пестицидтерді залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) тиісті жай-күйде күтіп-ұсталуына;

      6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылаудан тұрады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау

      1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.

19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау

      1. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану жағдайларының өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің міндетті талаптарына сәйкестікті айқындау үшін үлгілер іріктеп алынады.

      2. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау

      1. Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етудiң толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау ұдайы жүзеге асырылады.

      2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау есептiлiктi табыс етудiң белгiленген мерзiмдерiнде үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

19-2-бап. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау

      1. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау әдістемелік орындылық, сондай-ақ пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.

      2. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау олар өткізілген кезеңде жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-3-бап. Пестицидтердi залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау

      1. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер мен пестицидтердiң залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.

      2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау

      Ескерту. 19-4-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны

      Ескерту. 19-5-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-1-тарау. Пестицидтер айналымы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

19-6-бап. Пестицидтердi буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар

      1. Пестицидтердi буып-түю және оларға арналған ыдыс өнiмдi сақтау, тасу және өткiзу кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң қауiптi қасиеттерiнен қорғау үшiн арнайы лайықталуға тиiс.

      3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердiң құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi болуға және:

      1) жану және (немесе) жылудың едәуiр бөлiгiнiң бөлiнуiн;

      2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;

      3) басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиiс.

      Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-7-бап. Пестицидтердi қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Пестицидтердi қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтер тiзiмiнде белгiленген тиiмдi және қауiпсiз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      2. Пестицидтердi техникалық регламенттердiң талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.

      3. Пайдаланылмаған пестицидтердi уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.

19-8-бап. Пестицидтердің буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар

      1. Пестицидтердiң буып-түйілуін таңбалау:

      1) телефонның, факстың, телекстiң нөмiрiн және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердiң) атауы және толық мекен-жайын;

      2) пестицидтiң атауы мен оның нысаналы мақсатын;

      3) пестицидтiң номиналды мөлшерiн (салмағын немесе көлемiн);

      4) шығару партиясы нөмiрiнiң белгiленуiн;

      5) дайындалған (шығарылған) күнiн;

      6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерiн (пиктограммаларын);

      7) өнiмдi қауiпсiз сақтау, тасымалдау, өткiзу, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға тиiс.

      2. Буып-түюді таңбалау өшiрiлмейтiн анық әрiптермен немесе нышандармен түсiрiледi.

      Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-9-бап. Пестицидтердi сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Пестицидтердi сақтау осы үшiн арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетiн арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.

      2. Қоймалар үрлейтiн және тартатын желдеткiштерiмен жабдықталады. Тартатын желдеткiш құрғақ сүзгiш элементтермен жабдықталады.

      3. Пестицидтердi қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметiнiң органдары зерттеп болғаннан кейiн пестицидтердi алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейiн ғана жол берiледi.

      4. Сақталынатын пестицидтердiң мөлшерi қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиiс.

      5. Пестицидтердi сақтау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар әзiрлеудi, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-10-бап. Пестицидтердi тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      Ескерту. 19-10-бап алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi

      1. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:

      1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;

      2) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;

      3) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы пестицидтерді кедендік декларациялауды, сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi залалсыздандыруды жүргiзудi;

      6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi;

      7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстауды, салу мен жөндеуді;

      8) пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды.

      2. Алынып тасталды

      3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;

      2) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды қоспағанда, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;

      3) ауыл шаруашылық өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және оған сараптама жасау.

      4. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары пестицидтерді тіркеушілердің (өтініш берушілердің) қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 584, 2004.12.20 № 13, (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президенті