Іздеу

"Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 желтоқсанда № 21700 болып тіркелді

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17082 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:

      1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;

      2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;

      3) үшінші кезең, 2021 жылғы 1 ақпанға дейін: Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы;

      4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласы;

      5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 шілдеге дейін: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева