Іздеу

Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10703 тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 175 бұйрығымен бекітілген

Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын (бұдан әрi - кәсiби ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарын (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Аккредиттеу рәсiмiн жүргiзу тәртiбi

      2. Кәсіби ұйымдар "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіби ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын;

      3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуді өткiзу үшiн портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды;

      4) мыналарды:

      тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихандар модульдерінің құрылымын;

      сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын;

      кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) емтихан жұмыстарын тексеруді жүргізудің емтихан тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімін;

      соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін;

      нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде, "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алуын;

      кандидаттардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін көрсете отырып, электрондық құжат нысанында кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ережені;

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекітілген ережені;

      6) электрондық құжат нысанында шағымды және комиссияның (кеңестің) шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, аппеляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, шағымдарды беру мерзімін және емтихандардың нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ережені ұсынады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1. Аккредиттеуге ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Аккредиттеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде емтихан модульдерін және емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдармалары жөніндегі материалдарды бухгалтерлік есеп саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қарастырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кәсіби ұйымдардың және сертификаттау жөніндегі ұйымдардың осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттарын қарау мерзімі:

      аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау кезінде - бес жұмыс күнінен;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде - үш жұмыс күнінен;

      куәліктің телнұсқасын беру кезінде - екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кәсіби ұйымдар мынадай:

      1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;

      2) халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес келетін ұйымның жарғысына сай бекiтiлген Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексiнiң болуы;

      3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы талаптарына жауап береді.

      7. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мынадай:

      1) оқытуға тәуелсіз емтихан жүйесінің болуы;

      2) кәсіби ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптардың сақталуы;

      4) емтихан жүргізу үшін тиісінше жағдай жасауды қамтамасыз ету талаптарына жауап береді.

      8. Кәсiби ұйымды және сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      Кәсiби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.

      8-1. Мыналар:

      1) аккредиттеу туралы куәлікті, қайта ресімдеуді және (немесе) деректерді (мәліметтерді) алу үшін кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;

      2) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кәсіби ұйымдардың мынадай:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;

      2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру;

      3) этика мәселелері;

      4) дауларды қарау жөніндегі жұмыс органдары бар.

      Кәсіби ұйымдардың қосымша жарғыда айқындалған басқа да жұмыс органдары бар.

      Кәсіби ұйымдар аккредиттеу сәтінен бастап бір ай ішінде Консультациялық органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, не The Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) дипломын, не "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін, не кәсіби бухгалтер сертификатын, не экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласында ғылыми дәрежесін растай отырып, бір өкілін ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың "жеке кабинет" порталы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде аккредиттеуге берілген құжаттарды қарау тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.mіnfіn.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Емтихан, апелляциялық комиссиялардың құрамдары өзгерген жағдайда сертификаттау жөнiндегi ұйымдар бұл туралы уәкiлеттi органды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.

      Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан кәсіби ұйыммен бірлесіп емтихандар өткізеді.

      11. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар өз қызметін одан әрі жүзеге асыру мақсатында оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай бұрын аккредиттеу туралы куәлікті және басқа құжаттарды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда кәсіби ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.

      13. Егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби ұйымды немесе сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде телнұсқасын беру үшін порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтыру қажет.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау кәсіби ұйымның немесе сертификаттау жөніндегі ұйымның "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кәсіби ұйымдарды,
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша

Өтiнiш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (кәсіби ұйымның, сертификаттау жөніндегі ұйымның толық атауы)

      (керегінің асты сызылсын), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттеуді (қайта ресімдеуді, телнұсқа беруді) сұраймын.

      Орналасқан жері: ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады

      20___жылғы "___" _____________

      Кәсіби ұйымның,

      сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы

      (керегінің асты сызылсын) ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      _____________________

      (қолы)

  Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау
жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Ұйым жарғысына сәйкес бекiтiлген, халықаралық тәжiрибеге сай келетiн Кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексi

р/с №

Күні

1

2



      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы құрамының мүшелері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетіледі)

      № 1 кесте

Бухгалтердің ЖСН

Бухгалтердің тегі

Бухгалтердің аты


Бухгалтердің әкесінің аты

Жұмыс орны (ұйымның атауы)

Лауазымы

Почталық индексі

Ел/ облыс/аудан/елді мекен

Көшенің аты

Үй нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кестенің жалғасы

Пәтердің нөмірі

Телефон нөмірі

Электрондық мекенжайы

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні

Жұмыс тәжірибесі (Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі)

Кәсіби ұйымға кірген күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

11

12

13

14

15

16

17

18










      № 2 кесте

Бухгалтерлік ұйымның БСН

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Почталық индексі

Ел/ облыс/аудан/елді мекен

Көшенің аты

Үйдің нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/кеңсенің нөмірі

Телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      кестенің жалғасы

Факс нөмірі

Кәсіби ұйымға кірген күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

Бухгалтерлік ұйым басшысының атауы

Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі

Бухгалтерлік ұйым басшысының аты

Бухгалтерлік ұйым басшысының әкесінің аты

10

11

12

13

14

15

16


      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер

Бөлімшенің атауы

Бөлімше басшысының лауазымы

ЖСН

Бөлімше басшысының тегі

Бөлімше басшысының аты

Бөлімше басшысы әкесінің аты

Бөлімше басшысының телефоны

1

2

3

4

5

6

7









      Өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы

Ия

Жоқ

1

2


      Бухгалтерлердің кәсіби

      ұйымының басшысы ____________ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      (болған кезде)

      Мөр орны _______________

      күні

  Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау
жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 3-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымымен өзара

      іс-қимыл туралы келісім*

р/с №

Күнi

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы

Жарамды мерзімі (үш жылдан кем емес)

1

2

3

4






      Ескертпе:

      * бірнеше келісімдер жасалған жағдайда барлық мәліметтер ұсынылады

      Тәуелсіз емтихан жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер

Бөлiмшенің атауы

Басшының ЖСН

Басшының тегі

Басшының аты

Басшының әкесінің аты

Оқытушы ұйымдарға қатысы бар ма

Лауазымының атауы

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Емтихан комиссиясының құрамы*

Емтихан комиссиясының ережесі

Емтихан комиссиясына қатысушының ЖСН

Емтихан комиссиясына қатысушының тегі

Емтихан комиссиясына қатысушының аты

Емтихан комиссиясына қатысушының әкесінің аты

Емтихан комиссиясына қатысушының негізгі жұмыс орны

Емтихан комиссиясына қатысушының лауазымы

Емтихан комиссиясына қатысушының байланыс телефоны

Емтихан комиссиясына қатысушының электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Кестесінің жалғасы

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерді сертификаттаудан өтуге жоғары білімі және кемінде соңғы бес жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі заңгерлер үшін (мемлекеттік және орыс тілдерінде): заң саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде соңғы үш жыл

Мамандығы көрсетілген жоғарғы білімі болуын растайтын құжатты кім берді

Жоғары білімі болуын растайтын құжатты кім берді

Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың берілген күні

Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатын берген ұйымның атауы (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификаты берілген күн (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі (болған кезде)

10

11

12

13

14

15

16

17


      Ескертпе:

      *кемiнде он мүше, оның ішінде кәсіби бухгалтер куәлігі бар кемiнде 5 мүше, заңгер білімі және заң саласында соңғы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде 1 мүше.

  Кәсіби ұйымдарды,
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 4-қосымша

Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдар мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады.

      2. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан:

      1) емтихандық модульден;

      2) емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады.

      3. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС");

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша көшіріп пайдаланусыз (плагиатсыз) оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, ХҚЕС-на сәйкес келеді.

      5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - кемінде екі жүз тестілік сұрақтар жауаптары мен және жүз тапсырма шешімдерімен, кем дегенде әрбір ХҚЕС бойынша бір міндетті тапсырма. Бұл ретте осы пән бойынша білімді тексеру жазбаша емтихан арқылы жүргізіледі, ол бес сұрақтан тұрады, олар есеп айырысу және пікірталас бөліктерін қамтиды. Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты не пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепті дайындау жөніндегі мәселе міндетті болып табылады;

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде үш жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша - "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі жүз қырық тестілік сұрақтар жауаптары мен және жетпіс есеп шешімдерімен қамтиды.

      6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар барлық ХҚЕС-ті, сонымен қатар, осы талаптарға тиісінше тізбелердегі тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша әрбір ХҚЕС бойынша кемінде алты сұрақ және "Салық және салық салу" мен "Азаматтық құқық" әрбір тақырып бойынша кемінде он төрт сұрақ жасалады.

      Тестілердің жауаптары жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда "Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз" деген үлгі бойынша тест конструкциясына және тест бойынша жауаптарда "Барлық жауаптар дұрыс" деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді.

      Тестерде ситуациялық есептерді көрсетіп дұрыс жауабын талап етуге жол беріледі.

      7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:

      1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын;

      2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын;

      3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидасын қамтиды.

      Емтихандық билет:

      1) тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);

      2) міндетті есепті (кемінде бір);

      3) қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.

      Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін баллдар мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды ("өтпелі" баллды) қамтиды, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау қағидасында міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде - қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылатынын көрсету қажет.

      8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешуге арналған тапсырмалардан тұрады. Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.

      Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды:

      1) "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - шоғырландырылған бухгалтерлік балансты немесе шоғырландырылған пайда мен зияндар туралы есеп жасау бойынша, оған әртүрлі ХҚЕС бойынша олардың арифметикалық шешімімен кем дегенде төрт есеп";

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша өтпелі тапсырма және "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша - "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмаларды қамтиды.

      Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны теңбе-тең азайтылады.

      9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.

      10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, шрифті Tіmes New Roman, шрифттің көлемі - кемінде 12.

      11. Аккредиттеу үшін материалдар жаңартылады және уәкілетті органға мыналар өзгергенде:

      1) ХҚЕС;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде тапсырылады.

      "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Салық және салық салу мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі.

      2. Салықтық қатынастарға қатысушылар.

      3. Салықтық міндеттеме.

      4. Салықтық есепке алу.

      5. Салықтық нысандар.

      6. Корпоративтік табыс салығы.

      7. Жеке табыс салығы.

      8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері.

      9. Қосылған құн салығы

      10. Акциздер

      11. Экспортқа салынатын рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.

      12. Әлеуметтік салық.

      13. Көлік құралдарына салынатын салық.

      14. Жер салығы.

      15. Мүлік салығы.

      16. Ойын бизнесіне салынатын салық. Тіркелген салық.

      17. Арнайы салық режимдері.

      18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баж.

      19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер.

      20. Салықтық әкімшілендіру.

      21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану.

      "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Жалпы ережелер.

      2. Азаматтық қарым қатынастардың субъектілері.

      3. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары.

      4. Азаматтық құқықтар объектілері

      5. Мәмілелер

      6. Өкілдік. Сенімхат.

      7. Азаматтық құқықтағы мерзімдер

      8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

      9. Міндеттемелер

      10. Шарт.

      11. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.

      12. Зияткерлік меншігі.

      13. Банк ісі.

      14. Сақтандыру.

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы ___________ _____________________________________

                              (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Мөр орны (болған кезде) ____________________

      (күні)