Іздеу

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 93 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) Бас консулдығы ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) консулдығы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев