Іздеу

Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 Қаулысы.

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1213 қаулысымен
бекiтiлген

Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары

      1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң (бұдан әрі – қызметкерінің) денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қызметкердiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi қызметкер қызметін өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу ретінде төленген сома Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залал келтірген адамдардың есебінен өтелуге жатады.

      4. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу үшін қызметкердің және/немесе оның отбасы мүшесiнің өзге де адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан зардап шеккен деп танылғаны туралы сот шешімі мен залалды өтеу туралы қызметкердің баянаты негіздеме болып табылады.

      5. Залалды өтеу үшін қызметкер тікелей бастығына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының қаржы және/немесе экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянат ұсынады. Баянатқа "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылған сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

      6. Өтелуге жататын залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.

      7. Қызметкер осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін, арнаулы мемлекеттік органның басшысы он жұмыс күні ішінде өтелуге жататын залалдың сомасын көрсете отырып, залалды өтеу туралы бұйрық шығарады.

      8. Кадр бөлімшесі залалды өтеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның үзінді көшірмесін төлемдерді қамтамасыз ету үшін арнаулы мемлекеттік органның қаржы бөлімшесіне жолдайды.

      9. Залалды өтеу арнаулы мемлекеттік органның қаржы бөлімшесіне бұйрықтың үзінді көшірмесі келіп түскен күнінен бастап он банктік күн ішінде қызметкерге ақшалай үлес төленетін карт-шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.

      10. Залал келтірген кінәлі адамның есебінен залал өтелген жағдайларда қызметкер қызметін өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік орган аталған төлемдерді төлеуді жүзеге асырмайды.

      11. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.