Ғасырдың ең жиіркенішті шаш үлгісі кімде?

Ғасырдың ең жиіркенішті шаш үлгісі кімде?

Барбадоссалық әнші Рианнаның шаш үлгісі ХХІ ғасырдың ең жиіркенішті шаш үлгісі болып аталды. Мұндай шешімді британдық Fabriah.com сайтының әлеуметтанушылары жасапты.

Сауалнамаға 1000 адам қатысып, соңғы 13 жылдың ең нашар делінген шаш үлгісін таңдауы керек болған. Қатысушылардың көбі Рианнаның шаш үлгісін нашар деп қана қоймай, жиіркенішті деп атап өтіпті.

Соңғы екі айда Рианнаның жарты бас шашы түбінен қырылған, ал қалған бөлігінде шашы ұзын. Мұндай шаш үлгісі – DJ Skrillex атты диджейдің шаш үлгісі болғандықтан, "Skrillex" деп аталады.

Сұралған 20 пайыз адам мұндай шаш үлгісін қойған адамды көрсе, жиіркенетінін айтыпты. Бірақ бұл шаш үлгісі тек Рианнада ғана емес, сонымен қатар әнші Аврил Лавинде де бар.

Ендігі кезек футболшы Дэвид Бекхэмге келсін, оның да шаш қоюы қыздың үлгісіне ұқсағандықтан, жанкүйер қауым біржола ренжіп кеткен еді. Сол реніш әлі күнге дейін басылмай, сұралғандардың 19 пайызы Дэвидтің шашын жаман атапты. Қатысушылардың бірі тіпті мұндай шашты футболшыға оның әйелі ұсынған деп, ренішін жасыра алмапты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

А. Құлтай