Оскар-2012: Ең сәнді көйлек

Оскар-2012: Ең сәнді көйлек

Лос-Анджелес қаласында Америка киноакадемиясының 84-салтанатты марапаттау кеші өтті. Ең үздік актриса - Мерил Стрип болса, Үздік актер атағын Жан Дюжарден иеленді, ал "Артист" фильмі үшін Мишель Хазанавичус үздік режиссер атанды. Алайда, тағы бір сый берілмей қалды. "Кештің ең сәнді киімі" номинациясында кім жеңер екен? Бұны шешетін - сіздер. 


Анджелина Джоли, Versace Atelier

Анджелина Джоли мен Бред Питт марапаттау рәсіміне кешігіп келді. Сірә, Анджелина көйлегін ұзақ таңдаған болар. Оның таңдауы - Atelier Versaceдан мақпал қара көйлек, сондай-ақ ол кеш үшін шашын жаңа түске бояпты. 


Мерил Стрип, Lanvin

"Тізесі шығып кеткен" "оскарлық" түс таңдаса да, Мерил Стриптың Lanvin көйлегі өте сәнді көрінді.


Натали Портман, Christian Dior (винтаж, 1954 жыл)

Натали Портман Christian Dior сәнді үйіне әлі де адал. Өткен жылы үздік актриса атанған ол бұл кеш үшін классикалық винтажды көйлек таңдаған екен. Қызыл түсті, қара бұршақты осындай көйлектер Портманға тән. Осындай көйлек пішіндеріне құмарлық оның бойынан бұрын да байқалған.  


Гвинет Пэлтроу, Tom Ford

Гвинет Пэлтроу бәрінің алдына Tom Ford ұсынған ұзын ақ көйлек пен ақ жамылғыда шықты. Актрисаның киімін кештің ең сәнді үлгісі деп атап та кетті.   


Пенелопа Крус, Giorgio Armani

Пенелопа Крус осы жолы түтінді көгілдір түс таңдады. Armani Prive көйлегін киген сұлу Chopard зергерлік бұйымдарын тағып келді.


Дженнифер Лопес, Zuhair Murad

Джей Ло таңдаған мына көйлек тым ашық көрінді. Дегенмен, талғамға талас жоқ.


Камерон Диас, Gucci Premiere

Кэмерон Диасқа мына ашық түсті Gucci көйлегі жарасып-ақ тұр.


Мила Йовович, Elie Saab

Мила Йовович марапаттау рәсіміне қардай ақ Elie Saab көйлегінде келді.


Сандра Баллок, Marchesa 

84-салтанатты марапаттау кешіне Сандра Баллок екі түсті Marchesa көйлегін таңдапты. Ерекше оюы бар бұл көйлектің ашық арқасы да тартымды көрінеді. 


"Ең сәнді көйлек" марапатын Сіз кімге берер едіңіз?

Суреттер: Splash/AllOverPress; Getty/Fotobank.ru