Жігіттердің киім таңдау ережелері

Жігіттердің киім таңдау ережелері

 Таңдаған киімім қаншалықты қымбат болса, соншалықты сәнді көрінемін десеңіз, қателесесіз. Киім қанша қымбат тұрса да, пішініңізге сай келмеуі мүмкін. Ал керісінше, бағасы арзан болып, өңіңізді келтіріп тұрса, киім таңдау сынағынан сүрінбей өттіңіз деген сөз. Яғни бұл киім сізді сырт көзге миллионер қылып көрсетсе, таңғалмаңыз. Денеңізге құйып қойғандай жарасатын киім кигіңіз келсе, төмендегі кеңестер сіз үшін:

Бойыңыз ұзын болса:

1. Киімдеріңіз сызықты болмасын.

2. Алды ұзын әрі үшкір аяқ киімдер кимеңіз.

3. Тік, көлденең және диагональ төртбұрыштарға толы костюмдерді жалпы қыдырғанда ғана қолданыңыз. 

4. Көйлегіңіздің жағалары үшкір не ұзын болмасын.

6. 3 түсті сәйкестендіріп киініңіз. Костюм-шалбарыңызға көйлегіңіздің түсі сәйкес келіп тұруы керек. 

Бойыңыз қысқа болса:

1. Денеңізге жіңішке сызықты киімдер киіңіз.

2. Тік қою түсті киімдер қолданылуы керек.

3. Костюм 2 немесе 3 түймелі болып, оның тік бұрышты иығы болуы керек. Костюм беліңізге дейін түсіп тұрса жетеді, ұзын костюмдерден сақ болыңыз.

4. Жағасы жіңішке сызықты көйлектер таңдалуы қажет.

5. Шалбарыңыздың ауы тар болмасын. 

Ірі денелі жігіттерге:

1. Қою түсті киімдер мен бойыңыздың ұзындығына байланысты сызықты киімдер таңдаңыз.

2. Қалың маталардан тігілген әртүрлі киімдерден аулақ болыңыз.

3. Белдіктің орнына иыққа ілгіштерді кигеніңіз анағұрлым үйлесімді көрінеді. 

Арық денелі жігіттерге:

1. Костюміңіздің қолдары ұзын болмасын.

2. Кең свитер мен көйлектерден алыс болыңыз.

3. Беліңіздің көлеміне келетін костюм киіңіз.

4. Шалбарыңыздың ауы тар болсын.

5. Көйлегіңіздің жағасы кең болуы қажет.

6. Галстугыңызда көп суреттер қолданылмасын.

Сурет: www.science.compulenta.ru 

Форумда талқылау

a. aaa