Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сән. Қалай киінуге болмайды?

Сән. Қалай киінуге болмайды?

Сән. Қалай киінуге болмайды?

 Кішкентай сырға алсаңыз да, талғаммен таңдау жасап, киген киіміңізге сәйкес қылып алғаныңыз жөн. Сырт келбетіңіз рухани жан - дүниеңіздің айнасы екенін ұмытпаңыз. Сондықтан киінуге аса ұқыптылықпен қарау керек. 

Қалай киінуге болмайды?

1. Жоғары жағы да, төменгі жағы да ашық киімдер. Жағасыз көйлек (декольте) пен қысқа етек кию өте дөрекі көрінеді. Бұлай киінсеңіз, сіз жайлы не талғамы төмен, не жеңілтек екен деп ойлайтын болады. 
 
2. Шалбарыңыздың ішінен резіңкелі іш киіміңіз жылт етіп көрініп қалмайтындай болсын. Шалбар мен етектің ішінен калготкиіңіз көрініп тұрса, ол да киім кию мәдениетіне қарама-қайшы. 

3. Жеңіл аяқ киімді шұлықпен киюге болмайды. Жеңіл аяқ киімді жалаңаяқ кию керек. Өйткені, шұлықтың тігісі көрініп, аяқты дөрекі етіп көрсетіп тұрады. Башпай тұсы ашық аяқ киімдерді де капронсыз киюге тырысыңыз. Жазда күн салқындау болса, шұлықты башпай тұсы жабық туфлимен киіңіз. 

 
 
4. Фирманың логотипі үлкен етіп жазылған киімдерден де аулақ жүргеніңіз жөн. Бір тұсында байқалмай ғана тұрса, бір сәрі, кейбір фирмалар логосын бадырайтып жазып қояды. Өзіңіздің фирма жарнамалаушысы емес екеніңізді ұмытпаңыз.
 
5. Тор + жолақ. Үстіңізге торлы жейде, астыңызға жолақты шалбар кимеңіз. Екеуінің біреуін ғана кигеніңіз жөн.
 
6. Өзіңізге - өзіңіз әділ болыңыз. Егер киім үйлеспей тұрса, қанша жерден сәнді болса да, оны кимеуге тырысыңыз. 

Суретте: көйлектің етегі тым ұзын, жүруге ыңғайсыз әрі денеде әдемі тұрған жоқ

7. Шолақ шалбар (шорты)+ кроссовка. Спортпен шұғылданбайтын болсаңыз, шолақ шалбарды туфлимен не жеңіл аяқ киіммен кигеніңіз дұрыс. Кроссовка әйелдің аяғын нәзік қып көрсете алмайды. 

Сурет: redom.ru, domik.getbb.ru

Форумда талқылау

10461 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 ақпан 2012, 14:00
Пікірлер
+0
23 ақпан 2012, 16:13

Ескеретін жайт екен

+0
23 ақпан 2012, 16:49

Өте жақсы кеңестер. )

+0
23 ақпан 2012, 18:53

Біліп жүрген жөн...

+0
23 ақпан 2012, 23:35

Пайдалы кеңестер!

+0
24 ақпан 2012, 09:46

Қазіргі қыздардың шалбарлары мен джинсилары белінен түсіп кете береді. Ұялмай сосын соны көтеріп қояды! Түсіп кете берсе неге киеді десеңші? Мода қуғандары құрысын!

+0
24 ақпан 2012, 13:09

Соны айтам)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...