Суықта ақ түсті қалай киеміз? Стильді көрінудің 5 әдісі

Суықта ақ түсті қалай киеміз? Стильді көрінудің 5 әдісі
Фото: ru.pinterest.com

Ақ — қысқы гардеробта сирек кездесетін түс. Көпшілік жаңбыр мен қарда ашық киімдер тез ластанады деп оларды алмауға тырысады. Алайда ақ түсті киімдердің көмегімен суық күндері көпшілік арасынан ерекшеленуге және стильді көрінуге болады.

Суық мерзімнің келуімен көпшілік қою түсті киімдер киіп алады. Біреулер мұны автоматты түрде істесе, басқалары тез ластанатын ашық түсті киімдерді ұнатпайды. Алайда дизайнерлер мен стилистер суық мерзімде ашық түстерден, әсіресе, ақ түстен бас тартпауды ұсынады.

Үсті — ақ, асты — қара

Бұл бізге мектеп қабырғасынан таныс формула. Ол қазір де күнделікті киім үлгілерін құруға арналған жақсы әдіс бола алады. Мысалы, ақ оверсайз жемпір, джинс күртке немесе жакетті қара джинс шалбармен үйлестіріңіз.

Ашық түсті сырт киім

Кез келген түсті киім бірдей ластанады. Бірақ ашық түсті киімдерде ол қаттырақ көрінеді. Алайда ашық және сарғыш түсті мамық күрткелер — осы мерзімнің трендтерінің бірі. Егер оған күтім жасауға уақыт бөле алмасаңыз, оны негізгі емес, арасында алмастырып киетін сырт киім ретінде алуға болады.

Ақ былғары

Былғары — соңғы жылдардың басты трендтерінің бірі. Дизайнерлер бұл материалмен тәжірибе жасаудан шаршамайды. Былғарыға күтім жасау оңайырақ, сондықтан ойланбастан ақ немесе сарғыш былғары шалбар алуға болады. Сондай-ақ ол қара немесе көк джинске қарағанда ерекше көрінеді.

Ақ+сұр

Стилистер ақ пен сұр үйлесіміне мән беруді ұсынады. Бұл екі түспен күнделікті киім үлгілерін құру оңай.

Аксессуарлар

Жаңа реңктерді байқап көрудің ең қарапайым әдісі — аксессуарлармен тәжірибе жасау. Мысалы, ақ бас киім, ақ оверсайсз шарф немесе ақ сөмке алыңыз.

А. Жапатова