Күз –  2022: Ең сәнді 5 былғары күрте

Күз –  2022: Ең сәнді 5 былғары күрте

Былғары күрте ұзақ уақыт бойы біздің гардеробымыздың базасы саналып келеді. Бұл элемент әр маусымда дерлік күнделікті look жасауға көмектеседі. Әмбебаптығы арқасында былғары күрте кез келген стиль мен гардеробқа жараса кетеді.

Oversize күрте

Былғары күрте заманауи гардеробтың нағыз символына айналды. Қыздар оны жыл бойы киеді. Бірақ егер 2010-шы жылдары біз тік және денеге қонымды модельдерге жүгінсек, қазір бос курткалар актуал саналады. Oversize күрте барлық заманауи брендтердің ассортиментінде кездеседі және олардың әмбебаптығына байланысты мұндай модельдер көптеген жылдар бойы гардеробта қалады. 

Мотокүрте

2022 жылдың күзінің негізгі трендтерінің бірі – мотоциклист  күртесі. Оны қазір көптеген атақты адамдар мен сән инфлюенсерлері киіп жүр. Түрлі-түсті былғарыдан жасалған жарқын модельдерден бастап классикалық қара, қоңыр және сүт реңдісін кез келген винтаждық дүкеннен табуға болады. Оларды джинсы шалбармен, былғары шалбармен немесе джинсы юбкалармен жарастыра аласыз. 

Қысқа нұсқасы

Былғары күртенің қысқарған нұсқасы жайлылық ұнататындар арасында сұранысқа ие. Күнделікті өмірде оны қысқа белдемшелермен кисеңіз, аяқтарыңыз ұзын көрінеді. Сондай-ақ былғары болғанына қарамастан мұндай комбинация сізді нәзік көрсетеді. Романтикалық кездесуге киюге де болады. 

Бомберлер 

Бомберлер 2022/23 күзгі-қысқы маусымда болуы керек заттардың тізімінде. Олардың қара және қоңыр сияқты классикалық тондары да, қызғылт, көк және жасыл түсті жарқын нұсқалары да сәнді. 

Түрлі түсті былғары

Жарқын сыртқы киімнің көмегімен күнделікті гардеробты әртараптандыру оңай. Түсті былғары күрте сияқты гардероб элементі бүкіл киімді өзгертеді.

А. Оралқызы