Сұлулар ұстанатын қарапайым 5 уәде

Сұлулар ұстанатын қарапайым 5 уәде

Көптеген нәзік жандылар өздеріне "Жаңа жылда жаңа өмір бастаймын": "Тек пайдалы өнімдерді тұтынамын", "Фитнес-клубқа жазыламын", "Аптасына бір кітапты оқып бітіремін" сынды уәделерді жиі береді. Бірақ оны орындауға келгенде, еріншектік танытады немесе "шамасы келмейді". Ал сұлулық үшін ерінуге болмайды. 

Күннен-күнге сұлу бола түскіңіз келсе, мына қарапайым ғана уәделерде тұрыңыз!

"Мен күн сайын ұйықтар алдында бояуларымды жуып жатамын!"

Егер сіз денеңіз бен теріңіздің сау болғанын қаласаңыз, онда ешқашан да боялған бетпен ұйықтап қалмаңыз. Түсінеміз, тойдан не отырыстан келген соң төсекке құлай салғыңыз келеді. Бірақ бояуларды өшіріп тастауға аз-ақ уақыт кетеді ғой. Тіпті боянбағанның өзінде, бөлмедегі не көшедегі шаң бірден сіздің бетіңізге жабысады. Сонша артық микробпен қалай тынығуға болады? Сол үшін "Мен күн сайын ұйықтар алдында бояуларымды жуып жатамын!" деп өз-өзіңізге уәде беріңіз!

"Бетіме скраб жағып тұруды доғармаймын"

Сіз орта жастағы әйел адамның бет терісінде 30 қабат өлі жасуша болатынынан хабардар емес сияқтысыз? Скраб бетті жақсы тазартады. Сонымен қатар, кремнің сіңуіне көмектеседі. 

"Қолыммен бетімді ұстамаймын!"

Қандай жағдайда да бетті қолмен ұстай бермеуге тырысыңыздар. Беттегі дақтар мен ісіктер қолдағы микробтардан пайда болады. 

"Шашымды күн сайын жуа бермеймін"

Майланып кетеді демесеңіз, бір күнде шаш кірлеп кетпейді ғой. Шашты қайта-қайта жуа беру зиян екендігін білетін де шығарсыз.

"Майлы тағамды көп жемеуге тырысамын"

Майлы тағамнан аулақ болыңыз. Егер артық салмақ қосқыңыз келмесе, басқа-басқа осы осы уәдеңізде тұрыңызшы!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: look.tm

А. Әбілхан