Макияж 2012. Көктем-жаз трендтері

Макияж 2012. Көктем-жаз трендтері

Келе жатқан көктем - жандану мен сәндену уақыты. Уақыт бөліп, көктем-жаз маусымының сәнді трендтерімен танысыңыздар.

Қызыл ерін

Қызыл ерін сәннен шығар емес. Қып-қызыл еріндерден шаршадым десеңіз, оның да әр түрлі реңктері бар екенін ұмытпаңыз. Қатты қызыл, не жылтыр ашық қызыл - сіздің таңдауыңыз. Бұл маусымда қанық қызыл мен қызыл жемістер - құлпынай, таңқурай және шие түстері сәнде болады.


"Металлик" көз бояуы

Соңғы өткен Шанель сән көрсетілімінде қонақтар алдына күміс түстес көз бояуын жаққан сұлу қыздар шықты. Сондай-ақ, Джейсон Ву сән дизайнерінің көрсетілімінде жарқырап тұрған алтын түстес бояу мол болды. "Металлик" түстес көз бояулар жаңа маусымның сәніне айналары сөзсіз.

Көлемді кірпіктер

Көлемді кірпіктер 60-жылдардан бастау алып, Твигги мен Джин Шримптон сұлуларының ерекшелігіне айналған. Тушьті бірнеше мәрте қабаттап жағуды әдетке айналдырсаңыз, сіз де олардан кем қалмайсыз! Үстіңгі кірпіктермен қатар, астыңғы кірпіктерді де бояп жүріңіз.

Қалың қастар

Жұқа қастар баяғыда сәннен шыққан. Қалың, күтілген қастар әлдеқайда әдемі көрінеді. Осындай қастар күндізгі де, кешкі де макияжға сәйкес келеді, сондай-ақ бетті нәзік етіп көрсетеді.


Қызғылт еңлік

Қызғылт еңлікпен боялған беттеріңіз осы маусымда сәнді болары сөзсіз. Алайда, басты критерий - табиғи ажарлық. Еңлікті жаққанда абай болып, тым асырып жібермеңіз.

Біртүстес көз бояу мен ерін далабы

Бұл тренд өте ыңғайлы - біріне-бірі жарасатын түстер іздеп қажет емес. Көз бояу мен ерін далабын бір түстес немесе жақын реңктерде таңдаймыз.

"Стрелка"

Сәнді де тартымды көрінетін тренд үлгісі. Бұл маусымда "стрелканы" әдеттегідей емес, ерекше етіп салып көріңіз.

Форумда талқылау.

Суреттер charla.ru, topledi.com, womanempire.ru, ya-modnaya.ru сайттарынан алынды.